• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кеншілер шаһарына жаңа басшы тағайындалды

28.08.2019
0

Екібастұз қаласының әкімі болып Ержан Иманзайыпов тағайындалды, деп хабарлайдыПавлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеншілер шаһарының жаңа басшысын қала активіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Ержан Иманзайыповты таныстыру кезінде аймақ басшысы оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісілгенін айтты.

– Екібастұзда индустриялық аймақ құру мәселесін бақылауға алу қажет. Оның үстіне жаңа аймақты құруға қажетті электр желісі мен станцияның құрылысы туралы шешім де қабылданып үлгерді, – деді облыс әкімі жаңадан тағайындалған қала әкіміне. – Мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмдері арқылы инвестициялар тартуға баса назар аудару қажет. Соңғы үш жылдың ішінде Екібастұздың дамуына жоғарыда тұрған бюджеттерден қомақты қаражат бөлінді. 2017 жылы бұл сома 4,7 миллиард теңгені құраса, 2018 жылы – 9,9 миллиард теңге, 2019 жылы – 13 миллиард теңге бөлінді. Екібастұзға бұрын-соңды мұндай ауқымды қаржы бөлінбеген еді. Сондықтан да, инвестициялар көлемі де арта түсуі тиіс.

Ержан Иманайыпов 1984 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша, 2010 жылы –  Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006 жылдан 2007 жыға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің жетекші маманы қызметін атқарды.

2007 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары, 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2016 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы қараша айынан бері Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.