Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қазақстандықтар қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастайды, деп жазды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сакен Қалқаманов Facebook парақшасында.
«Бүгін 58 мың Арыс қаласының тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы шешіп ала алады. Арыста стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылды. Бұдан бөлек қалада 10 банкомат бар. Жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинады. Одан бөлек 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінді».