Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы қаланың экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
«Шымкенттің экономикасын ілгерілету үшін кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы салалары мен туризм индустриясын дамыту басты бағыттардың бірі. Сондықтан миллионды тұрғыны бар қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қаланың шеткі аймақтарында ауылшаруашылық саласын дамытуды жоспарлап отырмыз»,-деген қала басшысы Бас консулдан франциялық инвесторларды тартуға ықпал етуін айтты.