Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға өтті.
Бұл іс-шаралар арқылы Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген. Іс-шара арқылы «Бір белдеу – Бір жол» халықаралық жобасын іс жүзінде жүзеге асыру жоспарланған. Қазақстан делегациясын еліміздің Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастап барды. Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның отырысында Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды.
Яғни, 4 шілдеде Баку қаласында Түркістан облысының делегациясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Сессияда Қ. А.Ясауи кесенесі аумағындағы құрылыс объектілерінің дүниежүзілік мұраға әсерін бағалау мәселелері де қаралған болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі