Төтенше шыққан дүмпуден үрейленген елге қауіпсіз аймақтардан барынша жағдай жасалды.Соның бірі — Шымкент қаласындағы «Ақмешіт «мешіті. Арыс тұрғындарын арнайы автобустармен әкеліп, мешітке жайғастырды. Әкімшілік тапсырмасымен арнайы ұйымдар мен еріктілер ана мен баланың, бір-бірінен көз жазғандардың қайта қауышуына жұмыла жұмыс жасауда. «Алтын тұмар»,»Балдырған»,»Мамыр» балабақшаларының бүлдіршіндері де осы «Ақмешіт» мешітіне жеткізілді. Ел ағаларынан бастап, жеке кәсіпкерлер де жарыластан жан сауғалағандарға азық-түлік, уақытша баспана мәселелерін де қарастырды. Жас отбасылар да болған оқиғаға қабырғалары қайысып, қолдан келген көмектерін аямады. Оқиға орнында бір-бірінен көз жазғандар табылып, көңілдері орнына түсіп жатқандардың да қатары көбейді.
ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...



















