• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Абыройы асқақ — анықтаушы

20.05.2019
1

Анықтау-бұл сотқа дейінгі іс-әрекеттерге жататын, ҚР қылмыстық кодексінде белгіленген әрекеттердің негізгісі. Ал оны атқарып, жүзеге асыратын- анықтаушы. Анықтаушы өз кезегінде ҚР заңдарына сүйене отырып қылмысты, қылмысты жасаған адамдарды анықтайды. Ұрлық, алаяқтық, жол көлік оқиғасы бойынша денсаулығына орташа деңгейдегі зиян келген оқиға секілді қылмыстарды ашумен, анықтаумен айналысады. Осы орайда мен сіздерге ТО Полиция департаментіне қарасты Жетісай АПБ-нің анықтау бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны- Азат Мұсырманқұловтың жұмысы туралы кеңінен әңгімелеуге, оның бар болмысы мен өзіндік қырын танытуды мақсат еттік. Сонымен қатар, Азат Орманұлының осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері, қызметке сатылап жоғарылауының, жауапкершілігі мол қызметті дөңгелетіп кетуінің құпиялары жөнінде кеңінен баяндайтын боламын.

Жас та болса бас болып, анықтау бөлімшесінің бастығы қызметінде отырған Азатты заманға сай жас буынның, жаңаша идеяның бастамашысы ретінде қарауға әбден болады. Ол 1991 жылы 23 қаңтарда қарапайым отбасында дүниеге келді. Балалық шағы-кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі Түркістан облысы Жетісай қаласында өтті. Бір отбасында үш ұл бала болғандықтан әкесі Орман ұлдарына абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер азамат ретінде қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Әкесі үнемі «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» деп, ер азаматқа сынның көп айтылып, қойылар талаптың жоғары екендігін ұғындырып, өсіреді. «Сен елің мен жұртыңды өзіңнен артық сыйласаң, келешегің жарқын, жолың ашық болады, балам», деп, қанаттандырады.

«Мен үшін әкемнен асқан ақылды да дана әке жоқ. Әкемнің мінез-құлқы, өзгелермен қарым қатынасы, ісіне адалдығы, еңбекқорлығы маған қашанда үлгі. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса, биік белестен көрінсе, оның әкесі жақсы кісі еді, баласы да көрегенді болды-деп мақтайды емес пе. Сондықтан мен де тегіме сай болуға, әкемнің атына мақтау сөз келтіруге тырысамын. Әкемнің әрбір айтқан ақылын жадымда жаттап, қызметте қолдануға тырысамын.»-дейді ол.

Полиция капитаны ішкі істер органындағы қызметін 2008 жылдан бастайды. Ал, 2012 жылы Қызылорда облысы Қызылорда қалалық ІІБ-да жедел уәкіл қызметін атқарады. 2014 жылы ТО Жетісай АПБ-де анықтаушы болып жұмысқа орналасқан. Сол уақыттан бері осы саланы жіті меңгеріп келе жатқан нағыз маман. Басшы болуының құпиясын сұрағанымызда, бала кезімнен осы полиция мамандығына ғашық болдым. Армандадым. Өзіме қалайда полиция қызметкері боламын»- деген мақсат қойдым. Біздің әулетте ешкім құқыққорғау органында жұмыс істемеген. Әулетіміздің ішінен мен ғана осы саланы таңдағанмын. Сондықтан сүйікті салама барынша көңіл бөліп, ешқандай тірлікті ертеңге қалдырмауға тырысамын. Кітап оқып, көп ізденемін. Басшы лауазымына дейін жетуімнің бірден-бір себебі осылар.»-деп еске алады.

Азаттың бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен бағындырған асулары аз емес. Атап айтқанда, «Елеулі еңбегі үшін», «Қазақстан полициясы», төсбелгісімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталумен қатар, 20-дан астам алғыс хаттардың иесі. Еңбек жолын қатардағы полиция қызметінен бастаған Азат, қазіргі кезде полиция капитаны, бөлімше бастығы. Әлинұр-есімді ұлын қатарынан қалдырмай тәрбиелеуде.

Білімді басшы, тәрбиелі ұлдың отбасын құруы да өте сәтті болғандай. Олай дейтінім, «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей, жеңгесі Гүлжамал, қазіргі таңдағы келіні  Гауһар мен сүйікті қайнысы Азатты жолықтырып, шаңырақ көтеруіне бірден бір себепкер болған адам. Гауһар секілді тәрбиелі де инабатты қызды қайнысына жолықтырған жеңгесі де жанашыр болды.

Бөлімше бастығының қызметінен біраз сыр шерткен соң, Азаттың отбасындағы орнын білу үшін бірнеше сұрақтарымды қойып, әңгіме арқауын жанұясына қарай ойыстырдым (бәрі де құрметті оқырмандарым үшін)

— Отбасыңызда қандай әкесіз? Жанұяңызға қаншалықты көңіл бөлесіз? деп, сұрақтарымды қоя бастадым, әп-сәтте білімді басшы сұрақтарыма  нақты жауап берді.

«Менің ата-анам бір бүтін болып қосылмағанда мен өмірге келмес едім. Аман-есен есейіп ер жетіп, шаңырақ көтермес едім. Сіздердің алдарыңызда қазір осылай басшы болып, сұхбаттасып отырмас та едім. Қазіргі уақытқа дейінгі жеткен жетістігімнің барлығы әуелі Алланың және асыл қазынам ата-анамның арқасы. Сондықтан жұмысым қаншалықты қауіпті және қауырт болса да, өмір бойы өтей алмайтындай жақсылықтары еш ойымнан шыққан емес. Бір сәт қолым босаса, сол кісілерді ойлап, ауырмай, сырқамай балаларының жақсылығын көріп, бейнеттерінің зейнетін көрсе екен деймін, Алладан тілеймін.»

Бір сөзінде Азат анасын әкесінен кем жақсы көрмейтіндігін айтып қалды. Азаттың өскен отбасында қыз бала болмаған. Үшеуі де ер бала, бірақ әрқашан аналарына қол ұшын беріп, үнемі көмектесіп өскен қолқанаттар болды. Азаттың анасы-Гүлзира Әзімбайқызы Жетісай ауданындағы мектептердің бірінде 25 жылдық тәжірибесі бар кітапханашы екенін біліп, Азаттың ата-анасына деген ыстық ықыласына риза болдық.

«Анам мен үшін әлемдегі ең үлгілі-Ана. Ешқашан ешкімнің ала жібін аттама, үстіңдегі формаңа лайық бол. Әкең екеуміздің атымызға кір келтірме, қызметіңді адал атқар. Қашанда сөзге тоқтаған, отбасыңа жақын адамдарыңды құрметтейтін адам бол. Біз секілді өсіп-өн.» деп үнемі айтып отырады дейді, Азат. Алма алма ағашынан алысқа ұзамайды» демекші, анасы кітапханашы болғандықтан кітапқа құмар болып өсті, әсіресе әлемге әйгілі ақын Абай атамыздың кітаптарын сүйіп оқиды екен.

Болмысы  ерекше басшы бос уақытында өзінің сырлас достарына барып, сыр шерткенді де ұнатады.  Олар өзінің сыныптас достары, Мейрамбек пен Дәуренге барып, әңгіме айтып, шаршағанын басып, бір сәтке балалық шақта жүргендей күй кешеді екен.

«Достарым өте көп. Алайда, тап осы екі досым жаныма өте жақын, қарапайым, қуаныш та да қиыншылықта да қасымнан табылатын сенімді серіктерім» -дейді.

Азатпен сұхбаттасу барысында оны бұрыннан танитындай күйде болдым. Себебі, әңгімесі өте тартымды, бір қарқынмен, қарапайым және жүзі жылы жан (темірдей тәртіпке бағынғандардың арасында ерекшеленіп тұр). Кейіпкеріммен сұхбаттасу көп уақытымды да алмады. Қойған сұрақтарыма сенімді әрі нық жауап берді. Жас та болса бас болып, қарамағындағы қызметкерлерді бір жерде ұйымдастырып, ұйымшыл ұжым ретінде қалыптастырып келеді.

Жас келсе іске демейді ме дана халқымыз, сондықтан да Азатқа іске сәт, алған бетіңнен тайма! Бойындағы бар жігеріңді, іскерлігіңді, ұшқыр ойыңды, отаншылдығың мен парасаттылығыңды, қабілетің мен біліктілігіңді өзің сүйген салаңда қолданып, еліңе қызмет ете бер демекпін.

 Энергиясы мықты, қарапайым да іскер басшы Азатты көргенде, еліңнің ертеңі сенімді қолда екендігіне еріксіз көз жеткізесің.

Г.Абдурахманқызы

              ТО ПД-нің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.