Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына жаңа сайлау 2019 жылдың 24 маусымына бекітілген болатын. Сенаттағы босаған орынға үміткер ретінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-ның директоры әрі бас редакторы Айгүл Қаппарова қатысатын болды. Бұл ретте ұсынылған кандидатура Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясында депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясына бұл күні 25 депутат қатысса, 3 депутат белгілі сепбептермен қатыса алған жоқ. Ал бұл жолғы сессияға депутат Баходир Салимов төрағалық етсе сессия күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Соның алғашқысы ҚР Парламенті Сенатындағы босаған орынға Шымкент қаласынан кадидат ұсыну болатын. Бұл мәселе бойынша сөз алған «Нұр Отан» партиясының мәслихаттағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов алда өтетін Сенат сайлауына еліміздегі үшінші мегаполистен үміткер ретінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-ның директоры әрі бас редакторы Айгүл Қаппарованың кандидатурасын ұсынды.
Бұл ретте ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына ұсынылып отырған Айгүл Жарылқасынқызы Қаппарованың кандидатурасы қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.