«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Директорлар кеңесінің шешімімен Ринат Ақбердин корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Түрлі жылдары мұнай-газ секторында жұмыс істеген, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Павлодар облысының әкімі аппаратында, Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында, Азық-түлік келісім шарт корпорациясында, қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығында, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген.
2014 — 2018 жылдары — «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасының орынбасары.
2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының мүшесі – даму және сату жөніндегі басқарушы директордың м.а., даму және сату жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.