2016 жылдың 15 — 19 маусым аралығында облыстық орыс драма театрында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі өтеді. Көрермендердің назарына қазақ композиторларының музыкасына жазылған «Ұлы Дала аңызы» балеті, А.Аданның «Жизель», Ж.Бизе-Р.Щедриннің «Кармен-сюита», Н.Римский-Корсаковтың «Шехерезада» балеттері және Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» комедиялық операсы мен И.Штраустың «Жарқанат» опереттасы ұсынылады. Спектакльдерге ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жамиля Баспақова, Болат Жомартов, Бейімбет Қожабаев, Андрей Трегубенко, жетекші опера солистері — Халид Нұралиев, Дархан Жолдыбаев, Зарина Алтынбаева, Қайрат Өмірбеков, сонымен қатар, театрдың жетекші балет солистері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсел Асқарова, Динара Есентаева, Азамат Асқаров, Әсет Мырзақұлов, Рафаэль Уразов, Рахым Даиров, Данияр Шманов және тағы басқалары қатысады.15 маусым күні сағат 18.00-де облыстық орыс драма театрында баспасөз-конференциясы өтеді. Қойылымдардың басталуы сағат 19.00-де.
Тел.: 8 (777) 272-41-81, 8 (701) 393-39-83