Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар» «Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» тақырыбында Республикалық конференция өтті
    Жаңалықтар

     «Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» тақырыбында Республикалық конференция өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.06.2016Updated:10.06.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77-ші  қадамы  Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибиені еліміздің басқа оқу орындарына таратуды міндеттейді. Міне осы бағытты жүзеге асыру мақсатында  Шымкен аграрлық колледжінде Республикалық денгейдегі ғылыми-практикалық конференция өтті.  «Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» тақырыбында өткен конференция жұмысына Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева бастаған еліміздің әр аймағындағы орта арнаулы кәсіптік оқу орындарының басшылары да қатысты.

    Шымкент аграрлық колледжі оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылық саласына қажетті мамандар даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі. Колледждің іргетасы 1972 жылы «Шымкент совхох-техникумы» болып құрылған. Мұнда қазір 15 мамандық бойынша 1400-ге тарта студент білім алуда. Өз алдына заман талабына сай  оқу өндірістік базасы да жұмыс жасайтын алдыңғы қатарлы  колледж соңғы жылдары  сапалы мамандар даярлау ісіне басымдық беріп келеді. Ол үшін мұнда тәжірибиелік практикалық дәрістерге арналып 5 гектардан астам жерге 100 пайыз  тамшылатып суару технологиясымен жүзім, алма сынды  көкөніс түрлері, сондай-ақ тағы да басқа дәндік дақылдар егілген. Бұл бірінші кезекте болашақ мамандардың іс жүзінде тәжірибиелерін шыңдауға септігін тигізеді. Бұған қоса оқу өндірістік базасында 10 соттық жерге салынған жылыжай мен ауыл шаруашылық техникаларының да түр-түрі бар. Сондықтан-да  еліміздегі алдыңғы қатарлы 10 колледждің құрамына енген оқу ордасында ұйымдастырылған Республикалық денгейдегі   конференцияның мән-маңызы айрықша. Бұл ретте келелі жиынға арнайы келген білім және ғылым вице- министрі Эльмира Амангелдіқызы конференцияның негізгі  мақсат міндеттеріне де тоқталып өтті.Sequence 02.Still002Шымкент аграрлық колледжі Ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша Алтын қыран «Сапа көшбасшысы – 2015» медалімен, «Білім саласы көшбасшысы 2015» ұлттық сертификатына ие болған. Ал мұндағы бітіруші мамандардың жұмыспен қамтылуы да жоғары көрсеткішке ие.  Айталық былтыр  оқу ордасын 562 жас маман бітіріп шықса, соның 532-сі яғни 95 пайыздан астамы сұраныс бойынша  тұрақты жұмысқа орналасқан.  Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77-ші  қадамындағы   он алдыңғы қатарлы колледж бен жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибиені еліміздің басқа оқу орындарына таратуды жүзеге асыру бағытында білім және ғылым министрлігі тарапынан анықталған еліміздегі үздік 10 базалық колледж ішіне нақ осы Шымкент аграрлық колледжі де енген.  Сондықтан да «Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты  оқу ордасының тың жаңалықтары мен жаңашыл технологияларын өзге аймақтармен тәжірибие алмасу арқылы бөлісу болып табылады.  Sequence 02.Still003Қазіргі таңда мемлекет алдында техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту бойынша маңызды міндеттер тұр. Ал бұдан мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсаты туындайды. Ол үшін нақты жаңа білім бағдарламалары мен прогрессивті оқыту технологияларын енгізу қажет болып отыр. Айталық болашақ мамандарды оқыту процесінде 60 пайызға дейін тәжірибиелік білім беру мақсатын көздейтін дуалды оқыту жүйесінің маңыздылығы айрықша. Мәселен 15 мамандық түрі бойынша білім беретін Шымкент аграрлық  колледжінде 8 мамандық дуалды оқыту жүйесі арқылы оқытылады. Осы орйда конференция барысында бірқатар баяндамалар тыңдалып өзекті ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Ал өңірімізбен қатар еліміздің  әр аймағынан келген орта арнаулы оқу орындарының басшылары мұндай конференциялардың өзара тәжірибие алмасуға септігі мол деп санайды.Sequence 02.Still006Осылайша өрбіген Республикалық конференция жұмысына қатысқан  ғалымдар мен профессорлар кәсіптік және техникалық білім берудегі оқу-өндірістік базаның дуалды оқыту жүйесіндегі маңызы, Жаңа инновациялық- агротехникалық жүйені ауыл  шаруашылығына ендіру бағыты бойынша да баяндамалар жасалып п, өзекті ойлар ортаға салынды.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.