Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Айғақ» телеарнасының «Ұлы бабалар ізімен…» атты жобасының көрерменге жол тартатын уақыты алыс емес. Еліміздің 6
бірдей облысын қамтып, экспедицияда жүрген шығармашылық топ бүгін этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың туған өлкесіне аялдады. Тарихшылардың таласын тудырып отырған Шоқанның туған жері – Күнтимес екендігі дәлелденуде. 1844 жылдан Құсмұрын атауын иеленген жер 1835 жылдары Күнтимес деп аталған екен. «Жеті жарғыға» мөр басылған мекен Мәртөбеден бастау алған телеэкспедиция, Отырар өңірінде аялдап, Арыстан бабқа тәу етті, Түркістандағы түмен баб Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне аяңдап, тағзым жасаған «Айғақтың» түсірілім тобы Қызылордаға бет алған еді. Жоспарланған бағдарлама өз міндетін бағамдап, Ақтөбе, Батыс Қазақстан арқылы Қостанай, Солтүстік жерін басып өтті. Бұдан сәл бұрынырақ, Шығысқа, Абай еліне жасалған сапар естеріңізде болар. Міне, енді еліміздің батыс өңірін қамтыған телеэкспедиция қаумалаған халық үшін тарихтағы таңбаланған тұсты мекендерді экран бетіне шығарып, жұртқа мәлімдемек. Бұл мақсаттағы телеарнаның қолға алған ісі орындалып келеді. Ғасыр қойнауында жатқан тарихи мекендерге сапар барысында Ұлы Отан соғысында ерлігімен ерекше көзге түскен батырлардың да есімі ұмытылмақ емес. Мәселен, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Беданың туған жері мен бюсті түсірілсе, Қобда Нева суын қатар кешіп, Отан үшін мерт болған Әлияның туып өскен мекені туралы бағдарлама циклі дайындалады. Айта кетейік, телеарнаның түсірілім тобы Қостанай облысына жасаған сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түр келбеті өте қатты ұқсайтын бірден бір азамат Сәрсенбай Додановпен кездесудің сәті түсті. 1957 жылы туылған қостанайлық Сәрсенбай Доданов теміржол саласында қызмет етеді. Арнамызға қуана сұхбат беріп, ел әлеуеті жайында пікірімен бөлісті.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...