• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 6 ақпан, 2019 жыл.

08.02.2019
0

— Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен және өңір ардагерлерімен бас қосып, соңғы кездері қоғамда орын алған келеңсіз оқиғаларды келешекте алдын алуға бір кісідей атсалысып, көмек қолын созуға шақырды. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, жазушы Мархабат Байғұт сынды ел ағалары бастаған игі жақсылар қатысты.  Аймақ басшысы, ең алдымен, Түркістан облысында өткен жылы атқарылған оңды істерге тоқталып өтті. Түркістанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты әрбір саладағы жетістіктерді жіктеген әкім соңғы уақытта БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде шу тудырған жастар арасындағы әлімжеттік, бала тәрбиесіне қатысты алаңдаушылығын білдірді. Қоғамдық кеңес отырысына келіп, облыс әкімінің сөзін бірауыздан қолдап, көмектесуге дайын аға буын өкілдеріне алғысын білдірген Жансейіт Қансейітұлы бұл ретте, тек ақсақалдар жағы ғана емес, Түркістан облысындағы барлық қоғамдық ұйымдар, алқалар бір-бір бастама көтеріп, елді ұйыстыруда біріге жұмыс істеуі қажеттігін айтты.

— Түркістанға арнайы  іс -сапармен келген  ҚР Парламенті Мәжілісінің   депуттары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің  студенттерімен  кездесті.  «Цифрлы Қазақстан»  «7-20-25»  мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңінен айтып, жастармен ашық сұхбат құрды.

—  «Айғақ» арнасы тағы да ақпараттық тың жобаны бастап отыр. Ол өңірлердің өсуі деп аталады. Бүгін, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 2018 жылды қорытындылаған есептік кездесуіне қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жоспарларымен танысты. Қызылорда қаласының бюджеті 2018 жылдың басында 42,1 млрд теңге көлемінде бекітіліп, жыл соңында 51 млрд. теңгеге жеткен.  Бұл бюджет көрсеткішінің жыл басынан бері 21 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Қаржыландырудың 41 пайызы – білім, 18 пайызы – құрылыс, 14 пайызы – коммуналдық шаруашылыққа бағытталған. Өткен жылы Қызылордада 25936 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қаладағы 390 шаруа қожалықтарының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылған. Қазіргі таңда республика көлемінде Қызылорда қаласының қалаішілік су құбырлары 70 пайызға жуық толық жаңарған. Таза жерасты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір қала. Қазақтың астанасы болғаны ордалы жерден дайындалған сараптамалық сюжетті күні ертең арнамыздан көретін боласыздар.

 — 2019 жылдың соңына дейін, Түркістан қаласында әкімдіктің зәулім  ғимараты салынып, пайдалануға берілмек ниетте.  Бұл туралы күні кеше облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев, баспасөз жиынында мәлімдеме жасап, биылғы жылдың негізгі жұмыстарына тоқталды. Сонымен бірге, өткен 2018 де атқарған жұмыстарын айттып өтті.

— 52 мың тұрғыны бар Бәйдібек ауданы 2018 жылы 90 жылдығын тойлағаны есімізде. Бұл торқалы той ауылдағы ағайынды руxани жаңғыртты. Ал, енді әлеуметтік мәселесі шешілген бе? 11 ауылдық округі бар аймақтың кейбір елді мекендері құдықтан су ішеді. Бірақ, бюджеттің шамасына орай таза суға көпшілігі қол жеткізіпті. Бұл өлке 2015 жылы табиғи отынның құбырын тартуды бастап, газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Дәл қазіргі таңда орталығы Шаян ауылының тұрғындары күл шығарып, отын жағудан құтылды. Сондай-ақ, соңғы екі жарым жылда бюджет еселенген. Ауданның тізгінін осыдан екі жылдан аса уақыт бұрын қолға алған әкім Бақытбек Танагөзов осылай деп жергілікті тұрғындарға есеп берді.

— Ұлы даланың ұлы алыбы — Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күреске арнап, ұлан ғайыр жері мен өршіл халқын дүние жүзіне паш еткен әлем чемпионы. Дүние жимай, қазақтың қамын ойлаған палуанды бүгінде қалай насихаттап жүрміз? Батыс Еуропа Батыс Қытай автодәлізі өтетін Ордабасы ауданындағы Қажымұқанның кесенесіне келушілердің қатары неге сирек? Сансыз баптардың мекені Сайрамнан басталып, Арыстанбап арқылы Түркістан, Кентау жеріне дейін жалғасатын туристтік маршрутқа неге күш атасының кесенесі ілінбеген? Бұған кім жауапты? Осы секілді сансыз сауалдарға жауап іздеп көрдік.

— Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылдық округінде 2300-ден астам тұрғын бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын инфрақұрылым жүйесі мен аурухананың жоқтығы тұрғындардың өзекті мәселесінің бірі болған. Арызын арқалаған ағайынның өтініштері жауапсыз қалмай 2018-ші жылы біршама  ілкімді істер атқарылған. Құрамында 5 елдімекені бар Жаушықұм ауылдық округінің жай жапсарымен  әріптесім де танысып қайтты.

— Заңсыз жолаушылар тасымалдауға шектеу қойылуда. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы мақсатта рейд өткізді. Рейдтік тексеріс барысында Сарыағаш ауданындағы республикалық маңызы бар және аудан ішіндегі көшелерде заңсыз тасымалдаушылар ұсталды.

— Өзекті өртеген өкініш. Астанада тілсіз жаудың құрбаны болған 5 қызды бүкіл қазақ халқы болып жер қойнына тапсырды. Карина, Алина, Сабина, Мәдина және Албинаның жаназасы 5 ақпанда Астана қаласында  өтті. Қоғамда қызу пікірталас тудырған оқиғаға қатысты баршамыз қайғыдан қан жұтқан отбасына қайғырып, көңіл айтамыз.

— Бірлік. Татулық. Жасампаздық. Осылай ұрандатқан нұротандықтардың көздегені ел тыныштығын сақтап, егемендікті нығайту және ұлттың болашағына батыл жол салу. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы Абай аудандық филиалының кезектен тыс 36 конференциясы өтті. Бұл жиында күн тәртібіндегі үш түрлі мәселе қаралып, тиісті жұмыстарды жүргізу туралы қаулы қабылданды. Сондай-ақ, еліміздегі жетекші партияның алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар ретімен бөлісті.

«Айғақ-ақпарат».

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.