• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Алдағы уақытта салыққа қатысты мәлімет SMS-хабарламалар арқылы таратылмақ

04.02.2019
0

Мемлекет жеке тұлғалардың салықтарды уақытылы төлеуіне түрлі қолайлы жағдайлар жасап отыр. Мәселен, бүгінгі таңда әрбір жеке тұлға ешқайда бармай-ақ, үйінде отырып Электронды үкімет порталы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында өздерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері арқылы қандай салықтарының бар екенін, оның қашан пайда болғанын, қашан төлеу керектігі туралы ақпараттарды біле алады. Бұдан өзге, қаржы вице-министрінің айтуынша, оңтайландыру шаралары осымен тоқтап қалған жоқ, қызметтер сапасы біртіндеп жақсартылып жатыр.

«Биылдан бастап жеке тұлғалар egov.kz порталы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы алдағы уақытта қандай салықтар төлеу керек болатыны туралы ақпаратты көре алады. Сондай-ақ, осы жылдан бастап SMS-хабарламалар арқылы қандай салық берешектері бар, қандай салықтар алдағы уақытта төленуі керек деген хабарламалар тарататын боламыз», — деді қаржы вице-министрі Қ. Баеділов.

Бұдан өзге, вице-министрдің айтуынша, Сингапур және Еуропа мемлекеттерінің озық тәжірибелерін ескере отырып, 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар қандай салық берешегі бар екені туралы ақпаратпен қоса, кеден және салықтар туралы басқа да сұрақтарға жауап ала алады. Осыған орай тиісті біліктілігі бар мамандар даярланып жатыр. Аталған жұмысты да 2-3 айдан кейін іске асыру көзделген.

Қаржы вице-министрі салық төлеушілердің салық мәдениетін де арттыру қажеттігін, салық төлеушілермен арадағы кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Қ. Баеділовтың айтуынша, 2018 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қаржы министрлігінде аппеляциялық комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына тек Қаржы министрлігінің қызметкерлері емес, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді.

«Аппеляциялық комиссия отырыстарында салық және кеден даулары қарастырылып, әділ шешімдер қабылданады», — деді қаржы вице-министрі.

Өз сұхбатында қаржы вице-министрі Қ. Баеділов, аталған шешімдер Қаржы министрлігінің сайтында жарияланатынын айтты және осы шешімдер салық төлеушілер өз қызметтерін жүзеге асыру барысында жіберетін қателіктерді болдырмаудың алдын алуға үлкен көмегін тигізеді деп кеңес берді.

primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.