• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қазақстанда 80-нен астам турфирма заңсыз жұмыс жасап жатыр

31.01.2019
0

Қазақстанда 80-нен астам туристік фирма заңсыз жұмыс жасап жатыр, деп хабарлады «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының (КҚ) баспасөз қызметінен.

«Бүгінгі таңда «Туристік Қамқор» тізілімінде 49 туроператор бар. (…). Бұл ретте Қазақстанда көшпелі туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асырып жатқан компаниялардың саны — 140. Сонда қалған 80-нен астам компания заңсыз жұмыс жасап, демалыс кезінде шетелдегі қазақстандықтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр», — делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Қорда нақтылағандай, 2018 жылы 200 адам жалпы Т137 млн сомаға жеті турфирма мен олардың менеджерлерінің алаяқтық әрекетінің құрбаны болды. Атап айтсақ, тек маусымда ғана баспасөз қызметінің ақпарынша, турфирма тарапынан алаяқтықтың төрт дерегі анықталған.

«Мәселен, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 миллион теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жарамсыз жолдамаларды сатқан. Зардап шегушілердің айтуынша, оларда қонақүйлерге барғанда броньдары расталмағаннан кейін-ақ күдік туған. Сол айда Алматыда турфирмалардың алаяқтықтарынан 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 миллион теңгеден асқан», — деді баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, хабарланғандай, 47 үнділік турист Қазақстанға келуге қажет құжаттарын рәсімдеуге міндеттенген фирмаға Т5 млн төлеген. Алайда, белгілі болғандай, фирма оларға виза толтырмаған және ақшаларын да қайтармаған. Нәтижесінде олар сол күні сапарға шығу мүмкіндігіне ие болды, әлбетте басқа компанияның араласуының арқасында.

«Тағы бір жағдай 2018 жылдың маусымында Қарағандыда болды, 18 адам полиция арқылы турагенттіктің директорын іздестірген, себебі олар соның кесірінен демалысқа ұша алмаған, билеттері, қонақүйердегі орындары төленбеген, қарызға кірген. Ал қыркүйекте Өскеменде 60 –тан астам адам туркомпанияның әрекетінен зардап шеккен. Директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал сомасы 30 миллион теңгеден асқан», — делінген хабарда.

Тағы бір жағдай қазан айында, қордың ақпарынша, алаяқ-компаниядан Оңтүстік Кореяға 50 адам тур сатып алғанда орын алған. Алаяқтардың барлық құрбандары тиісті арызбен полициға жүгінген. Жалпы шығын көлемі Т17 млн болған.

Желтоқсан айында Ақтөбеде турфирманың менеджері Т56 млн. сомамен қашып кеткен. Сотта турфирманың өкілінің айтуынша, «болмай қалған демалыс үшін турфирманың кінәсі жоқ» деп мәлімдеді, себебі турфирманың өзі қылмыстық іс бойынша зардап шегуші тарап болып табылған, ал менеджерге халықаралық іздеу жарияланған.

«Жалпы 2010 жылдан бастап жыл сайын жаз кезінде туроператордың банкротқа ұшырауы, немесе алаяқтық схемасы, немесе чартерлік әуекомпанияларының проблемалары орын алып отырған. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам зардап шегуші тіркелсе, келтірілген шығын сомасы ондаған миллион доллардан асқан», — деп атап өтті қор.

Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанда азаматтардың құқығына кепілдік беру жүйесі іске асырыла бастағалы көшпелі туризм саласында жүйе әкімшісі — «Туристік Қамқор» қоры шетелде демалатын қазақстандықтарға 623 мың туркод берген.

«2017 жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге демалуға тек туркод арқылы шығу ұсынылуда. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде қиындыққа тап болған отандастарына көмектесуге, отанына оралуына көмектесуге арналған. Ең алдымен бұл жосықсыз турфирмалардың әрекетінен зардап шеккендерге қатысты. Осылайша, қазақстандық туристер туркоды болған жағдайда күтпеген жағдайлар туындағанда кепілді қолдауға ие болады», — деді қордан.

Туроператорға кодты КҚ жарнаны төлегеннен кейін (0,5 АЕК – бір туристке Т1202. Бұл соманы турист үшін туроператор төлейді) және банктік кепілдемені ұсынғаннан кейін (Т12 млн-нан Т36 млн дейін) береді.

«Туристік код 11-13 (баратын еліне байланысты) әріптік-сандық таңбадан тұрады. Ол әр жолдаманы рәсімдегенде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін керемет. Күтпеген жағдай туындаған жағдайда турист қормен хабарласып, өз туркодының нөмірін айтады және алдағы 24 сағат ішінде шұғыл көмек көрсетілуін күтеді», — деп түсіндірді КҚ-нан.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.