Сәуле Тәйкешова Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқа шешімімен Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілі болып тағайындалды. Жамбыл облысының тумасы Орынбор қаласындағы «Бәйтерек» қауымдастығының төрайымы. Қазақтың тұңғыш астанасы Орынборда қандастарды біріктіріп, тарихи тұлғаларды насихаттап жүрген патриот.
Сәуле Тайкешова алып державада Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп жүрген Тіл жанашыры. Жырақта жүріп жетістікке қол жеткізген Сәуле Совхозқызын құттықтай отырып, алдағы ісіне сәттілік тілейміз.
«Айғақ-ақпарат».