Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан делегация келді. Құрметті қонақтарды теміржол вокзалында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин бастаған қалалық әкімдіктің өкілдері күтіп алды.
Көрші елдің делегациясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы өңіраралық ынтымақтастық форумға қатысуға келіп отыр.
Айта кетейік, екі ел арасындағы алғашқы өңіраралық форумның бағдарламасы ауқымды.
Алдымен туризм бойынша панельдік сессия және іскерлік кеңестің отырысы өтеді. Форум аясында өзбек тағамдарының фестивалі болады.
Сағат 14:00-де екі ел өндірушілерінің қатысуымен түрлі техникалар көрмесі ұйымдастырылмақ.
Ал одан кейін өңіраралық ынтымақтастық форумның пленарлық отырысы деп күтілуде.