• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 10 қараша, 2018 жыл

14.11.2018
0

— Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен туризм саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен жүздескенде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы табысты өткенін айтты. Кездесу барысы өңіраралық ынтымақтастығының XV форумымен жалғасты. Туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістеріне арналған форумға екі елдің өңірлері мен облыстарының басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен іскер топтар өкілдері қатысты.Қазақстан Президенті іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде бұл форум тиімді мемлекетаралық алаң ретінде танылғанын атап өтті.Шекара маңы ынтымақтастығы форумы аяқталған соң Қазақстан және Ресей Президенттері оқу үдерісінде инновациялық және озық технологиялар қолданылатын оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап көрді.Екі ел басшылары оқушылармен әңгімелесіп, олардың жұмыстарымен танысты.

 — Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен Білім және ғылым вице-министрі Ботагөз Асылова келді. Шымкентте алдағы уақытта салынатын жекеменшік мектептерге қаржы бөлінетінін мәлімдеген вице-министр алдымен шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен  кездесті. Жүздесу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Шымкент қалалық әкімдігі және қалалық өңірлік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларымен үш жақты келісімге қол қойды. Жиын барысында демографиялық өсімі күннен күнге артып келе жатқан мегаполиске жатақханалар мен мектептердің қажет екендігі айтылып, талқыланды. Сондай-ақ, мектеп салу мәселесінде инвесторларды тарту жағдайы да айтылды. Жиын Шымкент қалалық білім басқармасында  жалғасты.

— «Жыр жазуға бір қазақтай қахым бар». Аталған тақырып аясында Төлеби ауданына қарасты Майбұлақ елдімекенінің тумасы, қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты  болған Қуаныш Төлеметовті еске алуға арналған әдеби кеш өтті. Салтанатты шараның негізгі мақсаты ел ағасының өнегелі өмір жолын бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау.

— Келес ауданына қарасты «Қошқарата» емханасында балалар педиаторы жоқ. Күнделікті қабылдауға келетін 50 науқасты емханадағы 2 дәрігер қарайды. Сондай-ақ, №73 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында 600-ден астам оқушылар IT сыныбында білім алуда. Келес ауданындағы білім ошақтары және емхана жағдайымен тілшіміз арнайы барып, танысып қайтқан болатын.

— Адам баласына өзінің туған жерінен артық мекен жоқ. Соның ішінде адами болмысымызды қалыптастырып, тұлға етіп түлететін мектеп әрбіріміз үшін ыстық ұя. Жетістікке жеткен адам әуелі әліппені ұстатқан білім ордасымен мақтанып, дүйім жұртқа жариялап жатады. Мақтауға лайықты мекеменің бірі Ордабасы ауданындағы Шұбар жалпы орта мектебі. Аптаның соңғы жұмыс күнінде кәсіподақ жиын өткізіп, білім мекемесінің бірқатар ұстаздары марапатқа бөленді

— Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай компазитор Аян Қожанов өзінің шығармашылық кешін өткізді. Көптен күткен кештің шымылдығын Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Сейдулла Сеңгірбаев ашып берді. Кеште сазгердің осы кезге дейін жазған 16 әні халыққа ұсынылды. Әндерді көрерменге әсерлі етіп жеткізген еліміздің танымал жұлдыздары Бауыржан Исаев, Ақбота Керімбекова және Біржан Назаров секілді  әншілер болды. Алғыс пен қошеметке бөленген сазгер шығамашылық  кешінде Қазығұрт ауданының 90 жылдығы және Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының  «Елеулі еңбегі үшін»  медальдерімен  марапатталды.

— 2018 жылдың 5 қараша күні облыс полицейлері жол жүру ережесін бұзған «Фольксваген» автокөлігінің жүрігіушісін тоқтатпақ болады. Алайда  заңға бағынғысы келмеген жүргізуші оқиға орнынан жасырыну мақсатында, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, көлігін тастап, жасырынбақ болған сәтінде ұстаған. Тексеру барысында  оның көлігінен аңшылық қару мен сіріңке қорабына салынған марихуаннаға ұқсас өсімдік тәркіленген. Аталған  жайт бойынша  ҚР ҚК –нің 287 бабы «Қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын, заңсыз иемдену, беру, өткізу сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.