Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚКО-дағы бір күні» атты республикалық акциясы өтті. Бұл күні отандық эстрада жұлдыздары Халыққа қызмет көрсету орталығындағы операторлардың қызметіне кірісті.
Акцияға «Нысана» театрының әртістері, Заттыбек Көпбосынұлы, Нұржан Құлшынбаев және басқа да белгілі әншілер қатысты. Шоу-бизнес жұлдыздары орталыққа келген азаматтардың құжаттарын қабылдап, ХҚКО қызметкерлерінің рөліне үлкен қызығушылық танытты. Олар фронт-офиске келушілердің мемлекеттік қызметкерлерге қытысты сұрақтарына жауап беріп, электронды кезек талонын ұсынды.