Туристер үшін ең қымбат қала аталды, деп жазады «Известия».
«БАӘ-дегі Дубай туристер үшін ең қымбат қалалар рейтингінде 1-орында. саяхатшылар ол жақта орта есеппен шамамен $537 жұмсайды. Рейтингте 2-орында Париж – $301, 3-орында – Сингапур ($286)», — делінген Global Destination Cities Index рейтингісіне сілтеме жасалған хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, бестікке Сеул ($181) мен Бангкок ($173) кірген. Жалпы лидерлерге Токио ($154), Лондон ($153) мен Нью-Йорк ($147) жақындаған.
Хабарда нақтыланғандай, рейтинг жасау үшін шетелдіктердің төлемі туралы ақпарат қолданылады.
Kayak саяхатының онлайн-сервисінің мамандары соңғы жылдағы туристік брондауды талдаған және қонақүйлерді ең ыңғайлы брондау уақытын атады.