• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

ОТЫРАРДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

06.09.2018
0

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі 50 процентке жетуі керек деп межелеген болатын. Осы міндетке сай Отырар ауданында шағын және орта бизнес ойдағыдай қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлерге аудан әкімдігі тарапынан да кең қолдау көрсетілуде.

IMG-20180906-WA0077
Осы мақсатта Талапты ауыл округіне қарасты шаруаларын дөңгелетіп отырған бірнеше нысандар бар. Солардың бірі — «Сәлімбай» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда талапқа сай салынып жатқан мал бордақылайтын алаң жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Аталған жайдың сыйымдылығы 50 бас малды күтіп-баптауға арналған. Айтарлығы, қожалықтың төрағасы Серік Дәуренбековтің әкесі тоқсанның төріндегі Ұлы Отан соғысының ардагері — Сейдахан ақсақал. Шаруа жайын тиімді жүргізіп, істің оңға дөңгелеуіне ардагер қарияның ақылы мен тәжірибесі зор ықпал етуде. Әлі де тың, шаруаға бейім ақсақал ірі қаралардың жем-шөбінің құнарлылығы мен уақтылы тамақтандыру, күтімін қадағалау сынды тынымсыз тірліктерін де өзі қадағалаудан жалықпайды. Біз жолыққанда Елбасының бүгінгі саясатына, ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп жатқанына дән ризалығын білдірді.

IMG-20180906-WA0095
Сондай-ақ, аудандағы «Бек» шаруа қожалығы жылыжай өндірісін қолға алып, халықты көкөніспен қамтамасыз етуде. Бұл шаруашылық негізінен қияр және қызанақ өсірумен айналысады. Алдағы уақытта өз өндірісін ұлғайтпақ ниетте.
«Нұрдаулет -2004» ЖШС-нің басшысы маяқұмдық кәсіпкер Бақтыбай Байымбетов те қыс маусымында аудан тұрғындарының дастарханына қияр, қызанақ жеткізіп халықтың алғысын иеленіп келеді.

IMG-20180906-WA0080
«Тер төкпей, еңбектің жемісін жеу мүмкін емес. Әр өнімнің өзіне сай еңбегі жетіп артылады. Қазір қияр мен қызанақ өсірудің қыр-сырына әбден төселдік. Егіс аумағын ұлғайту жоспарымызда бар»,-дейді Б.Байымбетов.
Бауыржан Мырзахметов басқаратын «Серік» шаруа қожалығының 6 гектар қарқынды бауы бар. Дәл осындай көлемде Көксарай ауыл округіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы алма бағын отырғызған. Шахматтың шаршы алаңы секілді түзу тартылған алма ағашының аралықтарына егілген бақша өнімдері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта алма өнімдері де өз тұтынушыларына жол тартпақ.

IMG-20180906-WA0085
Сырдарияның қос жағалауы малға жайлы, суы балыққа толы. Балық шаруашылығын өркендетуді көксарайлық кәсіпкер Әбдуахит Есмұрзаев Көксарай көлінде қолға алыпты. Әбдуахит Есмұрзаевтың ата – бабалары да балық аулауды кәсіп еткен екен. Қазіргі таңда «Жұлдыз» шаруа қожалығы балық шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыру жолында тынбай еңбек етіп жатқаны байқалады. Сондай-ақ, аталған көлде 10 млн куб су сақтауға, су тапшылығын жоюға мүмкіндік бар. Мұнда су мөлшерін реттеп тұратын тоспа салынған. Мұндағы су көксарайлық диқандардың мыңдаған гектар алқапқа егін егуіне жағдай жасайды.
Отырар ауданы ежелден тары дақылы да көптеп өсірілетін аймақ саналады. Ертедегі кәсіпті балтакөлдік диқандар жалғастыруда. Бүгінде «Досжанов.С», «Кәусар» цехтары заман талабына сай тары өңдеуді бастаған. Еліміздің түкпір – түкпіріне тары – талқан өнімдерін жөнелтіп жатқан кәсіпкерлер Сабыржан Досжанов, Сәкен Әбжаппаров цех жұмысын жаңғыртып, жаңа технологиялар арқылы тары өнімдеріне атау беріп, саудаға әр түрлі заманауи қорапшалармен шығарып, өзіндік брендке айналдыруды мақсат тұтып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.