Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру болып табылады.
2017 жылы Түркістан облысының өнеркәсібі өнімінің көлемі 858,4 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 69,4 млрд. теңгеге артып,102,1% (2016ж. – 789,0 млрд. тг.) құрады.
Өнеркәсіп саласында үлесі 68,2% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 585,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 98,1 млрд. теңгеге артты немесе өсім 105,0%-ды құрады (2016ж. – 487,6 млрд. тг.).
2018 жылдың қаңтар-шілде айларында Түркістан облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 213,2млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде 113,1 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібінде.
2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өндіріс көлемінің өсімі байқалады:
– тамақ өнімдерін өндіруде – 110,5%;
– жеңіл өнеркәсібінде– 135,4%;
– мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде– 102,2%;
– химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде– 106,6%;
– фармацевтикалық өнімдерді өндіруде– 107,0%;
– өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде– 111,4%;
– дайын металл бұйымдарын жасау – 113,2%.
Өңдеу өнеркәсібіндегі 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2017 жылы46,2 мың АҚШ долларын құрады. 2016 жылға қарағанда өсу қарқыны –115,5% деңгейінде қалыптасты.
Дайындаған: Айдар Дидар