2018 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 93,6 млрд. теңге құрап, 2017 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4% артып отыр.
Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестициялар көлемі 6,1 млрд. теңгені құрап, 2017 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге артты.
Сыртқы инвестициялардың көлемі 10,2 млрд.тг. немесе негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі үлесі – 10,8% құрады.
Жыл басынан бері шетелдік инвесторларды тарту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
2018 жылдың 26 қаңтарында Шымкент қаласында Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Дипломатиялық өкілдіктің ашылу мақсаты – екі жақты іскерлік байланысты жақсарту мен экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Биыл облыс әкімі Үндістан және Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері Прабхат Кумар және Абдул Салик Ханмен кездесті.Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарды талқылады.
Сонымен қатар облыс әкімі Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесу барысында Түркістан облысы мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.
2018 жылдың 19 сәуірінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Т.Сәрсенбаев Египеттің Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайсам Ибраһим мырзалармен кездесті. Кездесудің қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Қызыл Теңіз провициясы арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.
19-20 сәуір күндері облыс әкімі бастаған делегаттар Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Облыс әкімі Оңтүстік Кореяда өткен Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Форум барысында аймақ басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін құрылған мүмкіндіктерді атап өтті.
2018 жылдың 11 мамырында Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті.
Жалпы алғанда, облыста өзбек капиталымен инвестициялық жобалар іске асырылуда. 2017 жылы Бадам индустриялық аймағында Өзбекстандық инвестордың қатысуымен құны 330 мың.АҚШ долларын құрайтын «Artel Manufacturing» ЖШС газ плитасын шығару өндірісінің 1-кезеңі жұмысқа қосылды. Сондай-ақ, құны 46,3 млн.теңгені құрайтын «ИМЗО-Казахстан» ЖШС ПВХ терезе рамаларын өндіруге арналған жоғары технологиялық желімен жабдықталған зауыттың іске қосылуы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында жыл басынан бір қатар бизнес форум, көрме және кездесулер ұйымдастырлып нәтижесінде 62 млн.АҚШ долларын құрайтын 8 құжатқа қол қойылды.
Дайындаған: Айдар Дидар