• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тарих — болашақтың бағдары

06.08.2015
0

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына — 170 жыл! Осыған орай, бұған дейін «Айғақ» телеарнаның түсірілім тобы ағартушының туған жеріне арнайы барып бағдарлама әзірлеген еді.  Осы ретте маңызы зор бұл сапар Мақтарал ауданында өз жалғасын тапты. Яғни, Мырзашөл өңіріндегі Абай Құнанбаев ескерткішіне тағзым жасалса, Кеңес Одағының батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың тас мүсініне гүл шоқтары қойылды. Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазақ батыры нақ осы Мақтарал ауданының тумасы болатын. Сондай-ақ, ІІ дүниежүзілік  соғыста  397  фашистті  жер жастандырған  мерген Төлеуғали Әбдібековтың ерлігі әлі ескерілмей келеді. Міне осындай қос бірдей бабалар рухын ұлықтауға  ұласқан шара алдағы уақытта құнды бағдарламалар топтамасымен  толықпақ.

Мақтарал ауданы Оңтүстіктегі потенциалы  жоғары өңірдің бірі. Ел экономикасына өзіндік үлесін қосып отырған аймақ жылдан жылға дамып, көркейіп келеді. Осыдан 3 жыл бұрын  сол кездегі  әкім  Серік Тұрбековтің бастамасымен өлең-сөздің пайғамбары Абай Құнанбаевқа арналып ескерткіш бой көтерген болатын. Жамабыл, Қарағанды облыстары арқылы Абай еліне экспедиция жасап келген облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» Молдабай Ілясов, Елбасының курстасы Аманәлі Әбдірамановтармен бірге ұлы тұлғаның ескерткішіне тағзым жасады. Жетісай өлкесі қашаннан ел үшін жан аямайтын тұлғаларға толы.  Оған дәлел қала орталығында орналасқан мына  Даңқты азаматтар  аллеясы.  Адамзаттың ардақтысы  Абай ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан кешенде  Ұлы Отан соғысы  кезінде Отан үшін  ерлік жұлдызын жаққан  Кеңес Одағының  Батырларының есімі тасқа қашалып жазылған. Әрдайым қай салада болмасын  облыс, республика деңгейінде алдыңғы қатардан түспейтін Мақтарал ауданы мерейінің артуында сүбелі еңбек еткен азаматтар да елеусіз қалмаған. Есімдері  көрнекті  жерден орын  алып отыр. Бұл да болса жайсаңдығын жадыратқан жұртқа деген құрмет деп ұқтық.

Image10

Жолдыбай Нұрлыбаев – Кеңес Одағының Батыры, Мақтаралдың  мақтанышы.  1945 жылдың отты күндері  Польша жерінде ерлік  көрсеткен баһадүр. Естеріңізде  болса, «Ұлы  бабалар ізімен..» жобасы аясында «Айғақ» телеарнасы Польшаға арнайы  сапар жасап,  Жолдыбай Батырдың жолымен жүріп қайтқан болатын. Небәрі  23 жасында ерлікпен қаза тауып, бүгінгі  ұрпаққа Отансүйгіштіктің үлгісін  танытып кеткен батыр ескерткішіне де ел азаматтары гүл шоқтарын қойды.

Тарих – болашақтың бағдары. Оны ұмыту, естен шығару әбестік. Мырзашөл өңіріне жасаған сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық «Мақта шаруашылығы» тарихи мұражайында болдық.  Құнды жәдігерлермен танысу  барысында  ІІ дүниежүзілік  соғыста  397  фашистті  жер жастандырған  мерген Төлеуғали Әбдібековтың ерлігіне  қайран қалдық. Ол Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жарма ауданында дүниеге  келгенімен, дәл осы Мақтаралдан  майданға аттанған.

Бабаларымыз Батыр атағы үшін шайқасқан жоқ. Ел мен жердің амандығы, шаңырақтың  шаттығы үшін қан төкті. Алайда, ол ерлік ескерілмесе  өзегіңді өкініш  кернейтіні рас. Ұлы Жеңістің  орнауында  үлесі бар Мақтаралдық Төлеуғали Әбдібековтың есімі әлі өз деңгейінде айтылмай отыр.  Сол себепті  алдағы уақытта Батырдың  ерлігі мен өмірін зерттеу,  оны насихаттау  біздің арнаның негізгі жоспарларының бірі болмақ.

Ұлдархан УӘЛИХАНҚЫЗЫ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жазатайым жағдайлар жиілеп...

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күніне орай іс-шара өтті. Шара қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге...

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Тәшенев университетінің базасында жаңа оқу корпусы ашылды. Білім мен еңбекті ұштастырған Социалистік Еңбек Ері Жұмагүл Сәуірбаеваның есімі енді жас буынға...

КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР

КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынын толтырды. Ішінде мегаполистің жас өрендері де бар. Әлемдік...

МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ НАЗАРЫНДА

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкентте ақын, сазгер Несібелі Есенбекованың 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Мерекелік жиында ақынның жырлары мен әндері орындалып, көрерменнің...

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет тенистен Қазақстан Кубогы өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген ерлер және әйелдер командалары бас қосып, спорттық додада ең...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.