Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының құрылғанына биыл — 59 жыл! Айтулы датамен тұспа тұс келген мерекеде жергілікті тұрғындар «теміржолшылар күнін» де атап өтті. Арыс қаласын ән мен жырға бөлеген мәдени шара барысында шахар дамуына елеулі үлес қосқан жандар Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Еңбегімен аймақтың көркеюі жолында үлес қосқан азаматтар — Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер ұстаз Лұқпан Бәшенов, , халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы, «Айғақ» телерадиокомпаниясының президенті Дулат Әбіш, сондай-ақ, Төлебай Бәшенов, Тасболат Досжанов, Өсербай Керімқұлов, Пернехан Салықбаев сынды жандар бар.
Еңлік ЗАМАНХАН