• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қыркүйек 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2020 жылы 18 жасқа тол­ған азаматтарды қосқанда 12,9 млн адам декларация тапсырады

27.07.2018
0

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық азаматтары, тіпті Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайда шетелдіктер де дек­ларация толтыратын болады.

Ал бұл «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кіріс­тері мен мүлкін декларация­лау мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» Заңына сай атқарылып жат­қан жұмыстың нәтижесі. Бүгін­де осыған байланысты бар­лық заңнамалық база жаңа Салық ко­дексінде жазылып, жалпыға бірдей декларациялауға қатысты нормалар айқындалып отыр. Енді 2020 жылы декларацияны Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар мен тұ­руға ықтиярхаты бар адамдар, кәме­летке толмағандар (яғни олар­дың тіркелген мүліктері бол­са немесе табыс табатын бол­са ғана), сонымен қатар Қазақ­стан аумағында мүлігі немесе қатысу үлесі бар болған кезде шетелдіктер де тапсырады.

Бұл қалай жүзеге асады? Табыстар мен мүлік туралы дек­ла­рация (жылдық) жыл сайын ұсы­нылатын болады. Ол 2 фор­маға сәйкес, яғни кеңейтілген 270.00 түрі және қысқа 260.00 түрі бойынша тапсырылады. Кеңейтілген декларацияда бір жыл ішіндегі кірістер жазылып, сосын онда жылжымайтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаз­дар­ды, оған қатысу үлесін, инвес­ти­циялық алтынды, қаржы құрал­дарын сатып алу немесе мен­шіктен шығару дерегі көрсе­тіледі. Ал кірістер мен мүлік тура­лы қысқа декларацияны (ол 1 парақта ғана болмақ) зейнеткер­лер, мұғалімдер, студенттер мен жалдамалы жұмыскерлер тапсырады. Осылайша олар бір жыл ішінде басқа көлденең табыс алмағандарын растайды. Бұл декларацияны халықтың 70%-ке жуығы тапсырады деп кү­ті­луде. Қазірдің өзінде бұл жұ­мыс­тардың нәтижесін байқап көру үшін Қарағанды облысында қанат­қақты жоба іске қосылды.

Бұл ретте, яғни декларация­лау жүйесіне қосылу кезінде жеке адам өз мүлкін, дебиторлық және кредиторлық берешегін, қолма-қол ақшалай қаражаттары мен шетелдік банктердегі қар­жы­лық мәліметтерін (депозиттер, несиелер) 250.00 формасын­да көрсетеді. Осылайша же­ке тұлғаның активтері мен міндет­те­мелері туралы бастапқы (кіріс) дек­ларация ұсынылады. Егер болып жатса бұлардан өзге де, мәселен зергерлік бұйымдарын, био­логиялық активтер түріндегі басқа да мүліктерін көрсетуге құқы­лы. Ал адамдарға оңай болу үшін декларацияны элек­трон­ды түрде де ұсыну жоспар­ланып отыр. Осыған ынталан­дыру мақсатында оның 2 мерзімі көзделген: декларацияны қағаз түрінде ұсынатындарға 15 шіл­деге дейін, ал электронды түр­де ұсынатын адамдарға 15 қыр­күйекке дейін уақыт беріледі.

Сонда алдын-ала есептеу бо­йын­ша, 2020 жылы 18 жасқа тол­ған азаматтарды есепке алғанда, шамамен 12,9 млн адам декларация тапсырады екен. Ал бұл бізге не береді деген сауалға тоқталар болсақ, жұмыс істеп жүрген адамдардың өз табыстарын толық әрі әділ алуына жол ашады. Нақты төленетін табыс айқындала түседі. Соған сай зейнетақы қорына тиісті мөл­шерде ақша аударылып тұрады. Сөйтіп еңбек өтілі қамтамасыз еті­ле­тін болады және жеке тұлға­лар­дың салықты толық төлеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен 2020 жылы деклара­циялау жүйесіне енген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация толтырылғанда онда меншік құқығындағы мүлік, соның ішінде пәтерлер, көліктер, банктердегі салымдар және жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы қар­жы­лық жағдайы тұтас көрсетілуі тиіс. Осылайша 2020 жылдың 1 қаң­тарынан бастап жоғарыда атал­ған заң негізінде елімізде жап­пай жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау жүзеге асырылады. Ал жалпыға бірдей декларациялау жеке адам үшін де, мемлекет үшін де тиімді болмақ.

Дереккөз: egemen.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

     Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

      Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жиналысында күн тәртібіне сәйкес Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері, сондай-ақ...

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы...

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Қазақ кино индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәдениеттегі өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалуда....

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау...

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара —...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.