Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылады
    Жаңалықтар

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.04.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кеше Елбасы жариялаған Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев «Аймақтық» коммуникациялар қызметінде брифинг берді. Департамент басшысы өз баяндамасында саяси құжаттың мемлекет үшін өте маңызды екендігін ерекше атап өтіп, салық және кеден саясатына қатысты мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын 9 қадамды атады.
    «Бұл қойылып отырған міндеттердің барлығы да маңызды тапсырмалар. Себебі, индустрияландыру және экономикалық өсім реформасында салық және кеден саясатын тиімді жүргізу ел дамуында ерекше рөл атқарады. Бюджетті толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Қазіргі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салық және кеден саясатын оңтайландыру арқылы шешуге болады»,-деді А.Үмбетәлиев. Баяндамашы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, бизнес қауымдастықтарын қатыстыра отырып, Салық және Кеден кодекстерінің орнына, жаңа мемлекеттік кірістер кодексі әзірленіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, мүлікті жария ету бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен облыс әкімдігі бірлескен медиа-жоспар құрып, халық арасында кеңінен үгіт-насихат жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.
    Баспасөз мәслихатында департамент басшысы 2017 жылы басталатын жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, судьялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық компаниялардың өкілдері енгізілетінін, ал екінші кезеңге, яғни 2020 жылдың соңына дейін халықтың қалған бөлігі қатысатынын мәлімдеді.
    «Жалпыға бірдей декларациялардың уақытылы қабылдануын және өңделуін толыққанды қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылуда. Бұл корпорация, мемлекеттік қызмет көрсете отырып, декларацияларды қабылдау тиімділігін арттырады», -деді департамент басшысы.
    Айта кетейік, облысымызда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі таңға дейін, жалпы сомасы 48 млрд. 867 млн. теңгені құрайтын 5220 өтініш келіп түсіп, оның 4041 өтініш бойынша, құны 35 млрд 915 млн.теңгені құрайтын мүлік заңдастырылды. Ал сомасы 8 млрд. 894 млн. теңгені құрайтын 726 өтініш құжаттары толық болмауына байланысты кері қайтарылған. Сондай-ақ, 10 азамат құны 6,5 млн. теңге болатын шет мемлекеттердегі мүлкін және 41 азамат 6 млрд. теңге көлеміндегі ақша қаражатын жария еткен.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.