Биыл күш алыбы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына — 145 жыл. Осыған орай, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионының мерейтойы Ордабасы ауданында кең көлемде атап өтілді. Күні кеше ауданға жаңадан әкім болып тағайындалған Алмасбек Мамытбеков пен Облыстың бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Мұхамбетжан бастаған қадірменді қонақтар мерейтойға байланысты жауырыны жер иіскемеген күрескердің жерленген жеріне келіп, рухына тағзым жасады. Сондай-ақ, осы күні облыстық Қажымұхан атындағы спорт мұражайында батыр ұлды еске алу шара өтті.
Қажымұқан Мұңайтпасовтың палуандығы бүкіл алаш жұртына белгілі. 1871 жылдың 7 сәуір күні Ақмола облысында дүниеге келген Қажымұқан бабамыз көзі тірісінде дүние жүзінің 28 елін аралап, классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанды. Ең алғаш 1906 жылы Алмания қаласында дүниежүзінде өзінің теңдессіз екенін дәлелдеген отандасымыз жалпы 50-ден астам медальды жеңіп алыпты. Өмірінің соңғы жылдарын Қажымұқан Мұңайтпасов Ордабасы ауданында өткізген. Қазір бұл Қажымұқан есімімен аталады.
Қажымұқан Мұңайтпасов жерленген кесененің жанында жары Мүнәйім де жатыр. Бұл кесене осындан бір жыл бұрын өңірдің кәсіпкерлерінің демеушілігінің арқасында қайта жөнделіп, жаңа кейіпке енді. Күш атасы жерленген орыннан жүздеген метр қашықтықта оның бұрын өзі тұрған үйі бар. Қазір бұл шаңырақта оның немерелері мен шөберелері тұрады. Айта кетейік, кұш атасының ұрпағы бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрып, баба есімін ардақтап жүр.
Ерлан Отарбаев