ОҚО ІІД-нің бастығы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов бүгін Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының дәрігерлерімен кездесті. Ауруханаға ауыр жарақатымен (жабық түрдегі мидың қозғалуы, аяғының сынуы) Шымкент ҚІІБ Жол патрульдік полкінің 25 жастағы Ғабит Кубеев түскен болатын. Дәрігерлер Ғабиттің қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқанын хабарлады. Дәрігерлер науқастың толық қалпына келуіне қажетті барлық емдерін жасауда. Оқиғаның мәні, 03 наурызда Шымкент ҚІІБ Жол патрульдік полкінің инспекторы қатардағы полицей Ғабит Кубеевті, қоғамдық тәртіпті күзету қызметі барысында «Киа церато» автокөлігінің жүргізушісі қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда, полиция құрылымдарының жұмылдыра ұйымдастырылған жұмысының нәтижесінде 15 минут ішінде күдікті жүргізушіні құрықтады. Ол 1989 жылы туылған облыс орталығының тұрғыны. Қазіргі таңда күдіктіге ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші УҰИ-да қамауда. ОҚО ІІД-нің басшылығының ұйғаруымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атына Шымкент ҚІІБ Жол патрульдік полкінің инспекторы қатардағы полицей Ғабит Кубеевке Үкімет тарапынан марапаттауға ұсыныс жолдануда.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...