Алты жасар Қамшыбек Мұхаммедті ұрлаған күдіктінің тағы дәл осындай қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Яғни 2013 жылы Шымкент қаласында мектеп оқушысын үйіне алып кеткен 60 жастағы азаматша кейін баланы шаһар базарларының біріне қалдырып кеткен болатын. Алайда, сол кездегі қылмыс ашылмаған еді. Енді міне, араға 3 жыл салып сол біржағдай қайталанып отыр. Арыс қаласының тұрғыны жасаған ісін толық мойындап отыр. Алайда мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Ақпанның 20-күні іс-түссіз кеткен 1-сынып оқушысы Мұхамед Қамшыбек араға 3 күн салып, яғни 23 ақпан күні Арыс қаласы Сырдария елді мекенінен табылды. 6 жасар бала жоғалды дегенде шұғыл жүргізілген іздеу шараларына қазақстандықтардың барлығы белсенді атсалысты. Бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор белсенділері, еріктілер тобы мен ата-ана, туған-туыс шарасыз күйге түсіп еді. Мұхаммедті көріп, құқық қорғау органдарына алғаш хабар берген аталған ауылдың тұрғыны. Бүгінгі таңда баланы ұрлаған 1956 жылғы азаматша да табылып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, күдіктінің бір ұл, бір қызы бар екен.Мұхаммед Қазыбекұлының хал жағдайын білу үшін Ордабасы ауданына арнайы барып қайттық. Жоғалған баланың айтуынша, оны өзімен бірге ертіп кеткен Балжан есімді азаматша оған қолының ұшын тигізбей, ас ауқатын уақтылы беріп отырған. Үйде тағы ер азаматтың бар екенін және өзінің күндіз балалармен аулада ойнағанын да айтып отыр. Қазіргі таңда сот медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде, балаға ешқандай зақымның келмегені, жағдайының бірқалыпты екендігі анықталды. Перзентінен көз жазып қалған ата-ана тұңғыш ұлдарының аман-есен орталарына оралғанына қуанышты. аяулы ана ұлының жоғалып кеткеніне бейжай қарамаған көпшілікке, БАҚ-на ризашылығын білдіруде. Айта кетейік, күдікті деп танылған екінші азаматша Сүйіндік Сәндікүлдің бұл қылмысқа еш қатысы жоқ болып шықты.
Еңлік ЗАМАНХАН