Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2017 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойған. Аталған заңда қандай облыстар республикалық бюджетке қанша көлемде қаражат беретіндігін және қанша көлемде субвенция алатындығы реттелген.
Республикалық бюджеттен ең көп қарыз алатын Оңтүстік Қазақстан облысы. Қарыздың көлемі 2018 жылы 392 376 072 теңгені құрайды. Ал ең аз қарызды Павлодар облысы алады, яғни 46 829 053 теңгені құрап отыр.
Аталған заңда республикаға беретін қаражаттың және алатын қарыздың көлемдері бекітілген. Атап айтқанда:
2018 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 573 345 504 мың теңге сомасында көзделген, оның iшiнде:
Ақмола облысына – 104 043 009 мың теңге;
Ақтөбе облысына – 56 275 267 мың теңге;
Алматы облысына – 156 003 745 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына – 163 157 610 мың теңге;
Жамбыл облысына – 158 021 243 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына – 50 857 832 мың теңге;
Қарағанды облысына – 103 899 796 мың теңге;
Қызылорда облысына – 137 143 159 мың теңге;
Қостанай облысына – 108 989 956 мың теңге;
Павлодар облысына – 46 829 053 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына – 95 748 762 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына – 392 376 072 мың теңге.
2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 252 771 250 мың теңге сомасында көзделген, оның iшiнде:
Атырау облысынан – 98 079 854 мың теңге;
Маңғыстау облысынан – 31 316 423 мың теңге;
Алматы қаласынан – 102 907 355 мың теңге;
Астана қаласынан – 20 467 618 мың теңге.
Дайындаған: Айдар ДИДАР.