• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұл той бұрынғыдан өзгерек: Астананың 20 жылдығы қалай мерекеленеді

06.01.2018
0

«Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы — әлемнің 20 астанасы» шарасы, «Notre Dame de Paris» мюзиклінің концерті, «Voice of Astana» халықаралық фестивалі мен ұлттық спортты ұлықтайтын «Ұлы дала рухы» фестивалі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елорданың 20 жылдығының шаралар легін бекітіп, жылдың ең айтулы мерейтойын атап өтуді жуырда бастап кетпек. Осыған орай, мерейтой аясында «ҚазАқпарат» ХАА оқырман қауымға Елорданың 20 жылдығына арналып, жыл бойы өтетін басты шаралар туралы мәліметті ұсынады.

Астананың 20 жылдығына арналған шаралар легі жуықта ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бекітілген. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерейтойдың құрметіне республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы — әлемнің 20 астанасы» атты Халықаралық мәдени имидждік жоба мерекелер шеруіне ерекше өң бермек. Жоба бойынша әлемнің атақты 20 астанасының (Париж, Берлин, Лондон, Токио, Сингапур, Бейжің және т.б) құттықтауы таныстырылады.

Мерейтой аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірге Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты операсын дүйім жұртқа ұсынады.

«Астана Опера» театры тартуымен бірге «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклімен (Р.Коччанте, Л.Пламондон секілді авторларымен бірге) бірлескен қойылымы Астана халқы мен шаһар қонақтары үшін керемет сый болары сөзсіз.

Сонымен қатар, мерейтой барысында «Астана — менің бақытым» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы өтеді. Одан бөлек, отандық өнерпаздардың Вена опералық театры пен Мариин театры, Нью-Йорк Сити Балет, Ұлы Жібек Жолының Халықаралық симфониялық оркестрімен бірлескен концерттері өткізіледі.

Мерейтойға жасалған айтулы сыйлықтардың бірі — бірегей халықаралық төрт көрме болмақ. Атап айтқанда, Третьяков галереясының коллекциясы (Мәскеу қ.), «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары» (Дели қ.), Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны — Гранд-Пале (Париж қ.), «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері (Лондон қ.) қала жұртшылығының назарына ұсынылады. Осы арқылы қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ әлем тарихының ең бай жауһарларын тамашалай алады.

Сонымен бірге, Азия жұлдыздарының қатысуымен «Voice of Astana» халықаралық фестивалін, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын «Eurasian Dance Festival» балет өнерінің ІІ Халықаралық фестивалін, әлемнің дәрежедегі киножұлыздардың және Испания, Ресей, Франция, Италия елдерінің театрларының қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалін, заманауи этникалық музыка мен биді паш ететін «The Spirit of the Dance» фестивалін өткізу жоспарланған.

Елорданың мерейтойы аясында Астанада ойын-сауық фестивалі басталады. Қала тұрғындары мен меймандарына бірегей жоба — «Astana Azil Stars Fest» халықаралық фестивалі мен ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» ойын-сауық шарасы ұсынылады. Оған ТМД елдерінің ең танымал өнерпаздары қатыспақ.

Астананың 20 жылдығы ұранымен Қазақстанда әлемдік дәрежедегі шара — Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді. Абыройы аса жоғары диалогтық алаң әлемдік сарапшылардың басын қоспақ. Ұйымға қазіргі уақытта әлемнің 120 елінің сәулетшілері мүше екенін атап өту керек. Осынау шараның біздің елімізде өтуін Астананың әлемдік мегаполис екенін мойындауы деп тануға болады.

Спорттық бағытта мерейтой құрметі үшін халықаралық және республикалық айтулы шараларды өткізу көзделуде. Нақтырақ айтқанда, ұлттық спорт түрлері бойынша — «Ұлы дала рухы» атты фестиваль, Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысы» өтеді. Сондай-ақ, «Астана» спорттың марафоны ұйымдастырылып, «Бозоқ қазынасы» атты театрлық-спорттық бақ ашылады.

«Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту рухани тұрғыда жаңғырудың, ұлттың бірегейлігін сақтаудың бір нышаны болары сөзсіз. Дәл осы жылы әлемдік дәрежедегі өнер ұжымдарының Астанаға ағылуы — мәдени тұрғыда Қазақстанның қашан да ашық екенін танытады. Министрлік шаралар демеушілердің көмегімен өткізілетінін хабарлайды.

Дереккөз: inform.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.