• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді

03.01.2018
0

Қаңтарда өтетін Қауіпсіздік Кеңесінде ядролық қаруды таратпау мәселесі басты талқыланатын тақырып болмақ. Бұл туралы сейсенбіде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде болған баспасөз мәслихатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Елші Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы жұмысы жайында әңгімеледі, сондай-ақ 18 қаңтарда Кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтетіндігін айтты. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады. Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді.

«Неліктен бұл мәселені қозғауға шешім қабылдадық? Біз бүгінгі таңда түрлі саяси көшбасшылардың, елдердің арасында сенімді қарым-қатынастар құруға көбірек мән беруіміз қажет деп есептейміз», — деді Қайрат Омаров. — Онсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес. Меніңше, қазіргі әлемде дәл осы жетпей тұр».

Қ. Омаров 19 қаңтар күні Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған министрлер деңгейіндегі пікірсайысқа төрағалық ететіндігін мәлім етті. Отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйлейді. БҰҰ басшысы Орталық Азияға өткен жылдың жазында келген.

Қазақстан елшісінің сөзіне қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы күн тәртібінде тұрған үшінші маңызды тақырып Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина мәселесі болмақ. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы жағдайды да талқылайды, — деді Қ. Омаров. Ол 2017 жылы желтоқсанда Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өткендігін еске салды. БҰҰ-да оны нәтижелі деп бағалады.

Қазақстан алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды және алғаш рет оған төрағалық етуде. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

АНАЛАР МЕН НӘРЕСТЕЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІРІ ЖОБА

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Ана мен баланың денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Әсіресе халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Ұлттың зияткерлік әлеуеті мен елдің ертеңі білім сапасына тікелей байланысты. Ал сапалы білімнің негізін қалайтын – ұстаз. Өскелең ұрпақтың бойына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.