• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл үздіктері анықталды

29.12.2017
0

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінің   марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аймақтың биылғы жетістіктеріне тоқталып, бағы жанып топтан оза шапқандарды құттықтады. «Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы жылдан жылға өркендеп келеді. Бұл Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының және барша қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің жемісі. Елбасымыз өзінің рухани жаңғыру жөніндегі бағдарламалық мақаласында «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деп атап көрсеткен болатын. Сіздер өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістеріңіздің өрісін кеңейте білдіңіздер. Осы ізгі қасиеттеріңіздің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сонымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «Собкор», «РАБАТ редакциясы» және «Dата» ЖШС-ның директоры Валентина Куликова, «Құрмет» орденімен «Иассы» консорциумының төрағасы Үмбет Жүсіпбаев, «Облыстың Құрметті азаматы» атағымен Досым Сүлеев, Асылы Осман, Серікжан Сейітжанов, Өмірзақ Мелдеханов, Орынбай Дайырбековтер марапатталды. «Облысқа еңбек сіңіргені үшін» медалін Жұмабек Есімов иемденді. Жыл үздіктерінің қатарында сазгер Мұхтар Құралов «Жылдың үздік композиторы», айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков «Жылдың үздік ақыны», Дулат Тұрантегі «Жылдың үздік жазушысы», «Бөрте Милка» ЖШС-ның директоры Нұралы Әбішев «Үздік инновациялық жоба», «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС-ның директоры Цзян Ши «Жылдың үздік инвесторы» аталымын жеңіп алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер одағының облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Шилібаев «Жылдың үздік суретшісі», «NAR TV» телеарнасының директоры Ерсұлтан Әмірбек «Жылдың үздік журналисі», Шымкент Университетінің аға оқытушысы Айжарқын Садықбекова «Жылдың үздік ғалымы», Кентау қалалық №3 «Білім-инновация» Ер балалар лицей-интернатының мұғалімі Ғани Орынбасаров «Жылдың үздік ұстазы», Шымкент қалалық №2 облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі Гүлнар Әлменова «Жылдың үздік дәрігері», бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев «Жылдың үздік спортшысы» атанды. Салтанатты шарада халық әндері шырқалып, ұлттық би нақышына келтіріле орындалды.

Бөлісу10TweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.