«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ы тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу және тұрғын үйге халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында «Бозарық» коттедждік үйлер» инвестициялық жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Аталған әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация жобаны іске асыру мақсатында өз қаржысына бірқатар тұрғын үй салуға ниет білдірген «Almaty grand construction» ЖШС-мен өзара меморандум түзген. Қалашыққа 500-600 тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, мұнда тұрғын үйлерден бөлек, балабақша, емхана, дәріхана, дүкен, сауда кәсіпорындары, кинозал, кітапхана, спорт кешені, қоғамдық тәртіпті қорғау бекеттері мен жаттығу залдары секілді нысандар салынатын болады. Коттедждік үйлерді салуға Бозарық аймағынан 76 гектар жер телімі қарастырылған. Ондағы тұрғын үйлерді халыққа қолжетімді ету үшін құрылыс жұмыстарына қазақстандық «Констракшн КЗ» ЖШС сапалы әрі тиімді бағада заманауи 3D-панельді құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында келіссөздер жүргізілді. Шымкент қаласындағы «Бозарық» коттедж қалашығының құрылысы осы жылдың екінші жарты жылдығында басталатын болады.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...