Астанада алғаш рет 43-ші дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы өтуде. ТМД төңірегінде тұңғыш ұйымдастырылған шараға әлемнің 70 мемлекетінен 600-ден астам делегат келген.
Тарихы 1947 жылдан бастау алып, әр 2 жыл сайын болатын басқосудың басты мақсаты – әртүрлі мемлекеттің дәстүрлі әні мен биін зерттеу. Бір апта бойына мамандар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліспек.
Лан Прайс: — Мен бұл шараға арнайы Америкадан келдім. Астанада алғаш болуым. Мұндай басқосуларың арқасында қаншама жұртшылық түрлі ұлттың әнімен және биімен танысады. Бұл өз кезегінде еліңді сыртқа танытуға мүмкіндік береді.