• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өз жұмысын бастады. Форумға Түркі әлемінен, Еуропадан, мемлекеттік құрылымдардан және медиа ұйымдардан келген сарапшылар, журналистер мен сала мамандары қатысуда. Алқалы жиында түркі халықтарының ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, медиа саласындағы жаңа трендтер, заманауи технологиялардың ықпалы және ынтымақтастықты тереңдету мәселелері кеңінен талқыланды.

Алғашқы сөз Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызына берілді. Ол өз сөзінде форумның негізгі мақсаты түркітілдес журналистердің кәсіби әлеуетін арттыру, ортақ жобалар арқылы түбі бір түркі халықтарының мәдени-рухани құндылықтарын дәріптеу екенін атап өтті. «Өкінішке қарай, жетпіс жылдан астам үстемдік еткен кеңестік жүйенің салдарынан бүгінгі күні түркі елдері бірін-бірі толық тани бермейді. Тілдік, мәдени жақындастық әлсіреп, әртүрлі алфавиттердің қолданылуы өзара түсіністікті тежеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Түркітілдес журналистер қоры қазақ және түркі журналистерін біріктіріп, ортақ жобалар арқылы ақпараттық байланыстарды нығайтуға мүдделі»,  деді ол. Форумның негізгі тақырыбы, Түркияны қоса алғанда, барлық түркі мемлекетіне ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру болып отыр. Президент өз сөзінде туризм, PR, мәдени және тарихи жобалар арқылы ақпараттық ықпалдастықты арттырудың маңызын атап өтті. Ол бүгінгі медианың тез өзгеріп жатқанын, цифрлық ортадағы жаңа технологиялардың журналистерге жаңа міндеттер жүктейтінін айтты. «Сол үшін ақпараттық технологиялардың дамуы бізге үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр. Жаңа медиа, цифрлық форматтар, жасанды интеллект, бұлардың барлығы медианың бет-бейнесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Біз осы мүмкіндіктерді түркі елдері арасындағы ортақ жобаларды дамытуға тиімді пайдалануымыз қажет», деді қор басшысы.

Ол сондай-ақ соңғы жылдары жүзеге асқан маңызды бастамаларға тоқталды. Биыл 16-20 қазанда Брюссель қаласында өткен V Халықаралық медиа форумның қорытындысымен Қазақстан, Бельгия және Нидерланд бірлесіп Дүниежүзілік Түркі медиа ассоциациясын құрғанын атап өтті. Әріптестердің ұсынысымен ассоциация президенті болып өзі сайланғанын да айтты. «Бүгінгі форум аясында Германияның ұйымға қосылуы күтілуде. Әзербайжан мен Қырғызстан да қосылуға мүдделілік танытып отыр. Ең басты мақсат ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, түркі халықтарын бір-біріне жақындату болмақ»,деді ол. Ол сонымен қатар деректі фильмдер түсіру, кәсіби байқаулар ұйымдастыру, онлайн және офлайн форматтағы семинарлар өткізу секілді алдағы жобаларға тоқталды. «Түркітілдес журналистер қоры тоғыз жылдан бері “Еркін сөз” байқауын, сондай-ақ Халық банкі және Chevron компаниясымен бірлескен “Қоғам айнасы” жобасын ұйымдастырып келеді. Енді бұл байқауларды бүкіл түркі әлемін қамтитын деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз», деді қор президенті. Форумда сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Баспа БАҚ-қа ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Қуаныш Игіман өз құттықтауында түркі елдері арасындағы ақпараттық ықпалдастықтың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. «Бұл форум – ортақ идеяларымызды тоғыстырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Тарихы, мәдениеті және тілі жақын халықтар үшін ортақ медиа кеңістікті дамыту тек кәсіби міндет емес, рухани және стратегиялық қажеттілік», деді ол. Министрлік өкілі ақпарат саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды. «Ақпарат легінің шектен тыс артуы, цифрлық платформалардың үстемдігі, гибридтік ақпараттық қауіптер осылардың барлығы медиа саласында жаңа тәсілдер әзірлеуді талап етеді. Осы орайда жасанды интеллекттің рөлі ерекше. Ол журналистиканың форматын өзгертіп, редакциялардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, ақпараттың жаңа сапасын қалыптастырып жатыр», деді ол.

Қорытындылай келе, ол ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастырудың маңызы зор екенін, түркі әлемі журналистерінің ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Форумда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Шерехан Дастан да сөз сөйледі. Ол Алматы қаласы әкімдігінің атынан форумға қатысушыларды құттықтап, іс-шараның маңызын атап өтті. «Медиа форумның жұмысына сәттілік тілеймін. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан мұндай іс-шараның маңызы өте зор. Себебі медиа саласының өкілдері үшін тәжірибе алмасу, пікір бөлісу – ақпараттық кеңістікте атқарылатын жұмыстың сапасын арттыруға және жаңа серпін беруге ықпал етеді», деді ол. Сонымен бірге, ол форумды ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді. «Осындай маңызды шараны жоғары деңгейде ұйымдастырушыларға шын алғысымызды білдіреміз. Ал түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығын дамыту бағытында бастамашы болып жүрген Нәзия Жоямергенқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн», деді ол. Спикер форумның алдағы екі күн ішінде мазмұнды әрі нәтижелі өтетініне сенім білдірді.

Алматыда өтіп жатқан бұл алқалы жиын түркі әлемінің ақпараттық кеңістігін дамыту, медиа саладағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайту, ортақ құндылықтарды кеңінен насихаттау бағытындағы маңызды қадам болып отыр. Форумның нәтижесінде түркі елдері арасындағы ақпараттық байланыстар жаңа деңгейге көтеріліп, журналистер арасындағы кәсіби серіктестік одан әрі бекітіледі деп күтіліп отыр.

 

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.