Желтоқсанның 28 күні Зауытбек Тұрысбеков «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды. Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы, Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Тағайындауға дейін Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін және Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ
Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...










