• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-дағы денсаулық сақтау ұйымдары 100 пайыз кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілетін болады

30.09.2017
0

Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе  әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.  Бүгін бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев  бастаған жұмысшы топ алдында баяндама жасаған  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев мәлім етті.

Облыстың медициналық ұйымдарын кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезеңге сәйкес, жыл басынан бері облыстың 35 амбулаториялық-емханалық ұйымында медициналық ақпараттық жүйе орнатылған.  Екінші кезеңге сәйкес жылдың соңына дейін 68 медициналық ұйымда медициналық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр. 

 «Облысымызда кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде.  Бұл жүйені іске асыру үшін біз компьютерлік техниканың 8582 бірлігін сатып алдық. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100 пайыз компьютермен жабдықталатын болады. Яғни, бірыңғай сервер медициналық ұйымдарды пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталығына түсіп отырады», — дейді Мұхан Егізбаев.

Жаңа жүйе қоланысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып,   электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізбек.  

Биыл облысымызда модульдік яғни құрамалы медициналық пункттерді сатып алу   жоба іске қосылды.  Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс  салуға қарағанда екі есе арзанға түседі. Мәселен,  құрылыс жүргізуге 2 жылдай уақыт кететін болса, модульдік медициналық бектерді 2 ай ішінде құрастырып, тұрғызуға мүмкіндік бар. 2018 жылы облысымызда дәл осындай құрамалы медициналық пункттердің саны 67-ге жеткізілмек. Аталған жоба толық іске асса,   облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін қысқа мерзімде 100 пайызға өтеуге мүмкіндік туғалыт отыр. 

        Облысымызда ана өлім–жітімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың 8 айында 44 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, нәрестелер өлім–жітімінің көрсеткіші соңғы 5 жыл ішінде серпінді түрде төмендеп келеді.  Өйткені,  өңірде балалар мен босанатын әйелдерге жәрдем беру мақсатында медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі қолданысқа  ендірілді.

    Атқарылған жұмыстарға оң баға берген Үкімет басшысы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатындағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.