• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын кез келді

29.09.2017
0

Өзбекстан соңғы кездері үлкен өзгерістердің табалдырығын аттаған тәрізді. Президент лауазымына отырған Шавкат Мирзиеев елдің ішкі-сыртқы саясатына біраз өзгерістердің лебін сездірді. Сарапшылар да ондай айтулы өзгерістер қатарында Өзбекстан басшысының негізінен әрі ең бірінші кезекте көршілес елдермен ынтымақтастықты нығайтуға көп күш салып жатқанын атап көрсетеді. Айта кетерлігі, соңғы кездері Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары да мемлекеттің халықаралық қатынастарына, көрші елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикалық-саяси өміріне үңіле бастады. Көршілер не дейді, шолып көрелік. Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан-Өзбекстан сауда-дипломатиялық қатынастарында ерекше жандану байқалды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен Өзбекстанға баруы мұның басты алғышарты болды. Осы тақырыпта көптеген өзбек ақпарат құралдары жарыса жазды.

004

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын кез келді Өзбекстанның ең көп оқылатын интернет басылымы daryo.uz өз оқырмандарына «Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев биыл 7 рет кездесті» деген тақырыпта фотогалерея ұсынды. Онда мемлекеттер басшыларының түрлі халықаралық саммиттер, шаралар, мемлекеттік сапарлар аясында Қазақстанда 4 рет, сондай-ақ Қытайда, Сауд Арабиясында және Өзбекстанда кездескені айтылады. Бір қызығы, басылымның ресми ақпараттарын орташа төрт-бес мың адам оқыса, осы фотогалереяны қарағандардың саны араға бір апта салып 52 мыңдық межеден бір-ақ шыққан екен. Жалпы, өзбек аудиториясы Мемлекет басшысының, ресми делегациялардың сапарларын айтпағанда, екі ел арасындағы оқиғаларды, сауда-саттық жайын кеңінен талқылауда. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында іске қосылған тұрмыстық газ плиталарын жинау цехының ашылуы, Қазақстан мұнайын Өзбекстанға тасымалдау туралы келісім жобасы, Қазақстан мен Өзбекстанның ірі қалалары арасында автобус қатынасын жолға қою жобасы, 2020 жылға дейін жалпы құны 320 миллион АҚШ доллары болатын Қазақстан теміржол рельстерін Өзбекстанға жеткізу жобасы, ғарыш индустриясы саласындағы бірлескен жобалардың жасалуы сияқты экономикалық мәселелер, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси өміріне қатысты хабарлар, ел ішіндегі маңызды экономикалық ақпараттар кеңінен айтылады.

20170929161906

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын кез келді Атап айтқанда, daryo.uz басылымы Қазақстанның БҰҰ-ны реформалау жөніндегі декларацияны қолдайтыны туралы, Қазақстанның автомобиль экспорттау бойынша рекорд орнатқаны туралы хабарлар біршама аудитория жинаған.

20170929161929

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын кез келді Өзбек аудиториясына орыс тілінде ақпарат тарататын танымал сайттардың бірі podrobno.uz-да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін екі ел арасындағы өзара сауда көлемін 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспары жайындағы мақала оқырмандар арасында кеңінен талқыланған.

20170929162011

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын кез келді Ерекше атап көрсеткен жөн, осы сайт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен жиі дәйексөз келтіріп отырады. Осы жолғы ресми сапары барысында Мемлекет басшысының әрбір сөзі осы сайттың жеке мақаласы болды десек, қателеспейміз. Мұны да көрші ел аудиториясының Қазақстан Президентінің саясатына тұрақты назар аударып отырғанына жорыған дұрыс. Тұтастай алғанда күнделікті ақпарат ағынын сараласақ, қазір өзбек баспасөзі де Қазақстанның тіршілігіне назар аудара бастаған. Айта кетерлігі, бұрнағы жылдары мемлекеттер басшыларының ресми сапарына қатысты ақпараттар орталық ақпарат агенттігінің көлемді шолу материалымен шектеліп жататын. Ал соңғы кездері ресми сапар қарсаңында да, одан кейін де екі ел байланыстарының жаңа келбеті туралы түрлі пікірлер білдіріле бастады. Бұл әсіресе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапары жайында болып отыр Қазақстан Президентінің Өзбекстанға 16-17 қыркүйектегі ресми сапары қарсаңында Өзбекстанның ресми органы «Халқ сузи» («Халық сөзі») газетінде «Жахон» ақпарат агенттігі журналисінің «Өзбекстан — Қазақстан: Ынтымақтастық әлеуеттерін тиімді пайдалану жолында» атты талдау мақаласы жарияланды. Онда автор екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша қол жеткізілген жетістіктерге тоқтала келе, алдағы ресми сапардан Өзбекстан жағы да көп үміт күтіп отырғанын айтады. «Мынаны сеніммен айту керек, Қазақстан басшысының мемлекеттік сапары барысында Президенттер Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында тұрған кездесу және келіссөздер өзара ынтымақтастық әлеуетін тиімді пайдалану үдерісінде бірге биік белестерді бағындыру үшін елдеріміз ұмтылыстарының логикалық жалғасы болады» деп жазады «Халық сөзі» газеті. Араға бір күн салып, осы газеттің 15 қыркүйектегі нөмірінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З. Шәукенованың «Қазақстан — Өзбекстан: уақыт сынынан өткен достық» тақырыбымен көлемді сараптама мақаласы жарық көрді. Бұндай көлемді сараптама, әсіресе көршілес Қазақстанның зерттеулер институты тарапынан жасалған талдаулар өзбек аудиториясы үшін шынымен соны тақырып. Зерттеуші өз мақаласында елдер арасындағы сауда-дипломатиялық жетістіктерді фактілермен нақтылай келе, қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге өтуі екі халықтың арасын бұрынғыдан да жақындата түсетініне сенім артады. Жалпы, қазақ-өзбек байланыстары қайта жанданып келе жатыр деуге негіз бар. Өзбекстан ақпарат құралдарының Қазақстанға қатысты жаңалықтар беріп, осыны оқи бастауының өзі көп жайттан хабар берсе керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.