• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министр облыстағы әлеуметтік мәселелерді сынға алды

29.09.2017
0

Жасырын дәнемесі жоқ, еліміздегі жұмыспен қамту бағдарламасы кейде жалған  іске асып жатады. Яғни, осы салада жүрген мемлекеттік қызметкерлер есеп беру кезінде еселенген санды көрсетіп, ал шындығында жұмыссыз жүргендер қаншама? Қатты тисе де, ащы шындықты айтқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірімізге жасаған іс-сапарда тапсырмалар жүктеп кетті. Мемлекеттен қаржы алған соң бас пайда үшін емес, халыққа жағдай  жасауды көздеуіміз қажет. Министр ханым осылайша көкейде жүрген көп мәселені айтып, әлеуметтік қызмет көрсетіп жатқандардың жұмысымен танысты. Шымкенттегі Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін орталық 2016 жылы қайта құрылып, жаңа бағытта жұмыс жасауды бастаған болатын. Тағдырдың жазуымен ақыл-есі кем дүниеге келген  жандар дәл осы мекемеде ем алып, күндерін өткізіп жүр. Мүмкіндігі шектеулі 32 баламен жұмыс жасайтын дәрігерлер мен мұғалімдер қажетті қызметті көрсетіп  жатқандарын  алға тартып, Тамара Дүйсеноваға тірлікті таныстырды. Дүниеге келгеннен кеміс болып, дамуы тежелген бүлдіршіндерді көрсеңіз  жүрегіңіз езілердей елжірейсіз. Алайда маңдайға жазған бұл тағдырға не шара? Осындай бүлдіршіндерге жан жылуын беріп, жағдай жасауды мақсат тұтқан орталық тәуір тыныс-тіршілігін көрсетуге тырысты. Мекемеде барлық жағдай жасалған, тек ақыл-есінде ауытқушылығы бар жандарды жан-тәнімен қорғаса болғаны. Балалардың ой-зердесін ашуға арналған кабинеттермен танысқан Тамара Дүйсенова денсаулығында ақауы бүлдіршіндерге көбірек зер салды. Олармен балаша сөйлесіп, жағдайларын білуге құштарлық танытты. Сондай-ақ, Астанаға арнайы барып, әлеуметтік форумда өнер көрсеткен өнерпаздардың мұғалімдеріне алғыс хат тапсырып кетті. Пәк жүректі балапандарға сәлемдемесін ұлағатты ұстаздары арқылы аманаттады.

sequence-02-01_19_41_21-still004

Мұнан кейін жұмыспен қамту бағытында жүрген мемлекеттік қызметкерлер мәжілісте басқосты. Бірақ бұл жиын бұрынғыдан өзгерек. Яғни Тамара Қасымқызы жаттанды баяндамаларды тыйып тастап, цифрларды тізіп берудің қажеті жоқ деп әу баста кесіп айтты. Осыған байланысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы әзірлеген мәліметтер бірден талқыға түсті. Мәселен, жұмыссыздар және оқуға түспеген жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама бар. Онда оларды кәсіптік оқуға тартып, жұмыспен қамту көрсетілген. Бірақ, бұл мәселе біздің өңірде әлі дұрыстап жөнге қойылмапты. Немқұрайлылықтың салдарынан кейбір басшылар министр сұраған ақпаратты анықтап  жеткізе алмай қобалжып қалды. Аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтитын «Өрлеу» атты жоба бар.

sequence-02-01_19_29_23-still002 sequence-02-01_19_07_20-still003

Оған мемлекеттен қыруар қаржы қаралған.  Міне, осы шайнап берген дүниені ары қарай жұта алмай отырған қызметкерлер министр Дүйсенованың шамына тиіп, көкіректе тұншыққан шындық ашылды. Кентау қаласы әкімінің орынбасарының қысқа айтқан баяндамасы министрдің көңілінен шықпай, сөз Сарыағаш ауданындағы жұмыспен қамту бөлімін басқарып жүрген басшыға берілді. Бірақ, бір сарында жалғасқан баяндаманы тоқтатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағы да сын тақты. Кәсіпорындарға қажетті кәсіп иелерін әлі де болса анықтамаған. Осы бойынша өңірдегі қызметкерлерге Дүйсенова байсалды мінезімен нақты тапсырма берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Оңтүстікке жасаған іс-сапарында жұмыспен қамтылмай жүрген азаматтардың саны аз емес екенін ашып айтты. Жалған есеп беруді әдетке айналдырғанша, нақты жұмысты қолға алу керек деп шындық жолына шақырды. Кездесу соңы БАҚ өкілдерінсіз мәжіліске жалғасты…

Бағлан Байкөбек

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.