29 қыркүйек күні таңертең сағат 5.00-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 50 адамнан тұратын «Достық керуені» Өзбекстанға жолға шықты. Екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықты нығайтуды мақсат тұтқан керуен мүшелері алдымен Ташкенттегі Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді. Әрі қарай Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен танысады деп күтілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласына негізделген шара екі ел қарым-қатынасының байланысын нығайта түспек. Айта кететін жайт, делегация құрамында облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш те бар. «Айғақ» телеарнасы аталмыш жобаға ақпараттық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, тарихымызға қатысты Өзбекстанның көрікті, тарихи орындардан түсірілім жасайтын болады.
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...










