• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Діни мұрамызды заманға бейімдей отырып сақтауымыз керек — Ермекбаев

29.09.2017
0

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты діни оқу орындары басшыларының Бас мүфтиге есеп беру жиынында ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

 Оның мәлімдеуінше, орта және жоғары білімді мамандар дайындайтын діни оқу орындарына барлығы 373 оқу гранты бөлінген. Аталған оқу гранттары жергілікті және мемлекеттік бюджеттен бөлінген.

«2016-2017 оқу жылына жоғары білімді мамандар дайындайтын Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетіне 198 грант бөлінді. Оның 190-ы – бакалаврға, 5-еуі – магистратураға, 3-еуі PhD докторантураға бөлінді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент» және «Сарыағаш» медресе-колледждеріне 175 оқу гранты бөлінді. Медресе шәкірттері арнайы шәкіртақы алады», – деп мәлімдеді Б.Бейсенбаев.

Слайд арқылы берілген есепті кездесуде діни оқу орындарындағы ұстаздар құрамының деңгейі, 2015-2016 оқу жылындағы түлектер туралы мәлімет, түлектердің жұмысқа орналасуы, мемлекеттік лицензия мәселесі, кітапхана қоры, қоғамдық шаралардың ұйымдастырылуы, медресені жөндеуден өткізу, ұстаздардың жұмыс жоспары, оқу орнындағы проблемалар және оны шешудің жолдары, шәкірттердің білімі, т.б. мәселер жан-жақты талқыланды.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Діни басқарма «Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» жобасын қолға алды. Имам-молдалардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру – біздің басты назарымызда. Өйткені, бүгінгі дін қызметкері уақыт талабынан әсте қалыс қалмауы тиіс. Біз қазіргі имамдардан үнемі өздерін дамытып, жетілдіріп, діни һәм зайырлы біліммен сусындап отыруын талап етеміз. 2 жылдың көлемінде имамдарымыздың 80 пайызын аттестациядан өткізіп, білім деңгейін анықтап, сынақтан сүрінгендерді қайта оқытып жатырмыз. Мықты діни кадр медреседе қалыптасады. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз үлкен маңызға ие. Ал университетіміз бен медресемізге оқу гранттарының берілуі – мемлекеттің үлкен қолдауы, қамқорлығы екенін ұмытпауымыз керек», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Діни басқармаға қарасты 1 университет, 1 имамдардың білімін жетілдіру институты, 9 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істейді. Аталған діни оқу орындарында 2856 шәкірт білім алуда. Атап айтқанда, «Нұр Мүбәрак» университетінде – 1130 студент, 9 медреседе – 1321 шәкірт, қарилар орталықтарында – 225 шәкірт, білім жетілдіру және дайындық курстарында 180 шәкірт дәріс тыңдайды.

Ал 9 медресенің 3-еуі («Үшқоңыр», «Шымкент», «Сарыағаш») колледж деңгейіне көтерілді. Қалған медреселер колледж деңгейіне көтерілу бағытында тиісті талаптарды орындап, қажетті құжаттарды рәсімдеу үстінде. Онда діни пәндермен қоса зайырлы пәндер де оқытылады. Медресе- колледжді бітірген түлектер діни салада, сонымен қатар мемлекеттік салада да қызмет ете алады.

Дереккөз: Baq.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.