• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік мамандардың елімізде қалай және қанша жұмыс істейтіні анықталды

27.09.2017
0

Білікті шетелдік мамандардың Қазақстанда жұмыс істеуіне берілетін рұқсат мерзімі ұзартылады

Шетелдік мамандардың Қазақстанда жұмыс істеуіне рұқсаттың үш түрін беру ұсынылып отыр, деп хабарлады бүгін үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

«Көші қон саясатын дамытудың алдағы стратегиясын айқындау кезінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінің тәжірибесі пайдаланылды. Бұл елдерде ұзақ мерзімді көші-қон іске асырылады. Бұл экономиканың инновациялық секторына жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Уақытша және ұзақ мерзімді көші-қонды біздің шарттармен үйлестіру нәтижелі болады деген ойдамыз», — деді Дүйсенова үкіметте көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын таныстыра отырып.

Оның айтуынша, осы мақсатта шетелдік мамандардың жұмыс істеуіне рұқсаттың үш түрін пайдалану ұсынылып отыр.

«Бірінші, біліктілігі төмен жұмысшылардың уақытша жұмыс істеуіне бір жылға дейін ғана рұқсат беріледі, бұл олардың ағынын шектейтін болады. Рұқсаттың бұл түрі жеке тұлғалар жалдайтын маусымдық шетелдік жұмысшылар мен еңбек мигранттарына беріледі. Олардың жасы 18-ден кем болмауы тиіс және алым төлемі сақталады», — деп атап өтті министр.

Рұқсаттың екінші түрі жоғары білікті шетелдік мамандарға еліміз үшін маңызды жобаларға қатысуға 3 жылға дейін беріледі. Яғни, рұқсат жобаның мазмұнына байланысты бірден 3 жылға берілуі мүмкін. Ал қазір ол бір жылға қарастырылып, кейін ұзартылып отырады.

Ал үшінші рұқсат түрі ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын білікті шетелдік мамандарға арналған.

«Бұл биылғы жылы енгізілген анықтамалар жүйесі, тұжырымдама аясында бұл анықтамалардың жарамдылық мерзімін 3 айдан 3 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр. Яғни, қызметкердің білімі мен біліктілігінің бекітілген талаптарға жауап беретіні жөніндегі анықтаманың 3 жылға дейін күші болады. Ол үш жыл ішінде Қазақстанда жұмысқа тұра алады», — дейді Дүйсенова.

«Осы іс-шаралар жалпыұлттық біліктілікті көтеру бағдарламасымен бірге іске асырылатын болады. Бұл алдағы уақытта шетелдік мамандарды өзіміздің кадрлармен ауыстыру үшін қажет», — деп түйді сөзін министр.

Дереккөз: Sputnik

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару, мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ету және цифрлық бақылауды жетілдіру мәселелері талқыланды Білім беру саласының...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ЗИЯТКЕРЛІК СПОРТ: ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ШАХМАТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақтың әлеуетін арттыру жөніндегі міндеттері аясында мегаполисте шахмат инфрақұрылымы кеңейді Шымкентте зияткерлік спортты...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ҰЛАҒАТТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттегі инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Шымкент қаласының Ұлағат шағынауданында орталықтандырылған кәріз жүйесі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.