• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Оңтүстік» индустриялды аймақтағы өндіріс орындары өңірдің дамуын жеделдетеді

21.09.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриялды аймақта болып, ондағы бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі бірінші болып индустриялды аймақтағы шыны ыдыстар шығару ісімен танымал «Еврокристалл» зауытының өнімімен танысты. Ондағы өндірілетін өнімдерді газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдік және сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Мұнда түрлі қалыпта – 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсуде. Жылына 60 млн дана шыны шығаруға қауқарлы өндіріс орнында 150 адам жұмыспен қамтылған.

Зауыт жұмысымен таныстырған  кәсіпорын иесі аймақ басшысына жұмыс істеу аясын кеңейтіп, көмірқышқыл газын өндіруді қолға алып жатқанын жеткізді.  Ол үшін кәсіпкер арнайы итальяндық құрылғыларды да сатып алуды жоспарлап қойыпты.

Мұнан бөлек, Ж.Түймебаев  шифер шығаратын кәсіпорын — «Tectum Enjineering» ЖШС-гін аралап көрді.

Шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Зауыт «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, ал қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан  елдеріне жөнелтілуде. Зауыт жылына 2,3 млн. дана шифер өндіру мүмкіндігіне ие.

Индустриялды аймаққа жасаған сапары барысында өңір басшысы «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауытының құрылысымен танысты. 2018 жылы іске қосылатын өндірістің жалпы құны 4,2 млрд. теңге болып отыр. Жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, әкім заманауи шыны шығаруда шетелден кем түспейтін әрі сәулет құрылысында қолдануға ыңғайлы әйнек шығаратын  «Фирма Дана» зауытының өнімімен танысты. Шыңдалған шыны өндіретін зауыт тәулігіне 1700 шаршы метр әйнек шығарады. Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды. Бұл шынылардың тиімділігі жылу өткізгіштігінде.

Сапар соңында облыс әкімі Ж.Түймебаев «Оңтүстік» индустриалдық аймағы өңірдегі аудан, қалаға үлгі болуы керектігін айтып, онда орналасқан кәсіпорындардың жұмысын оң бағалады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды атап өтіп,  өңірдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған іскер азаматтарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриялды аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд  теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда.  Бүгінгі таңда мұнда құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жоба іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару, мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ету және цифрлық бақылауды жетілдіру мәселелері талқыланды Білім беру саласының...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ЗИЯТКЕРЛІК СПОРТ: ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ШАХМАТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақтың әлеуетін арттыру жөніндегі міндеттері аясында мегаполисте шахмат инфрақұрылымы кеңейді Шымкентте зияткерлік спортты...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ҰЛАҒАТТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттегі инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Шымкент қаласының Ұлағат шағынауданында орталықтандырылған кәріз жүйесі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.