• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Болатбек Баймаханов, дәрігер: Тегін нәрсенің ешқашан құны болмайды

21.08.2017
0

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына екі айға жуықтады. Енді міндетті медициналық сақтандырудың арқасында қызмет құны күн сайын шарықтап жатқан жекеменшік емханалардың тәбетіне тоқсауыл қойылмақ. Осылайша халық бірлі-екілі анализ тапсырып, бірер ауыз кеңес алғанына 20-30 мыңдап ақша төлемейтін болады. Есесіне өзі үшін тиімді бағаға толыққанды емделіп шығуға мүмкіндігі болмақ. Осыған байланысты медицинаның қазанында қайнаған, денсаулық сақтау саласындағы белді мамандардың пікірін білу мақсатында «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймахановпен сұқбаттасқан едік.

Болатбек Бимендеұлы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге қаншалықты көмектеседі деп ойлайсыз?

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудегі басты мақсат – осы жауапкершілікті арттыру. Себебі денсаулық үшін мемлекет немесе медицина саласы емес, алдымен әр адам өзі жауап беруі тиіс. Сонда ғана ұлт денсаулығы жақсарады. Қазір бізде қалай? Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі деген бар. Оған жыл сайын мемлекет қыруар қаржы бөліп отырады. Соның арқасында біз жедел жәрдем, шұғыл медициналық көмек, емханаларда тегін қаралу, вакцина салдыру сынды тағы басқа толып жатқан көмек түрлерін тегін аламыз. Сонымен қатар, созылмалы науқастарға шалдыққандарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоғары технологиялы операциялар жасау мүмкіндіктері қарастырылған. Бірақ халық санының өсуі, қарттардың көбеюі сынды табиғи процестер денсаулық саласына бөлінетін қаржыны да көбейтуді талап етеді. Өкінішке орай, бұған мемлекеттің мүмкіндігі келе бермейді. Оны көбейту үшін ақшаны білім саласынан, әлеуметтік саладан жырып алуымыз керек. Сондықтан міндетті сақтандыруды медицинаны қаржыландырудың бір тетігі деп қарастыруға болады. Оның үстіне, тегін нәрсенің ешқашан құны болмайды. Тегін болған соң адамдар оған сапасыз деп қарайды. Мысалы үшін қазір елімізде үкімет қаулысымен бекітілген скринингтік бағдарламалар бар. Оған жыл сайын қаражат бөлініп отырады. Бірақ сол тегін мүмкіндікті елдің бәрі бірдей пайдаланып жатқан жоқ. Ал, ақша төлегеннен кейін адамдар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болады. Жыл сайын дәрігерге қаралып тұруға, тіпті, ауырмауға тырысады. Сонымен қатар, сау адам науқастанғандарға, жұмыс істейтін азаматтар жұмыссыздарға көмектеседі. Жұмыс беруші қарамағында істейтін жұмыскерлерінің денсаулығы үшін жауап береді. Яғни, қоғамда ортақ жауапкершілік қалыптасады.

Дегенмен жүйеге қарсы азаматтардың арасында «мен көп ауырмаймын, дәрігерге көп қаралмаймын, сонда менің ақшам қайда кетеді» дейтіндер де бар.

  • Бұл енді мен жоғарыда айтып кеткен ортақ жауапкершілікке келіп саятын мәселе. Адам өзінің қай уақытта ауырып, қандай жағдаймен ауруханаға түсуі мүмкін екенін тап басып болжай алмайды. Адам болған соң ауырады ғой. Өзі ауырмаса да үйдегі үлкен кісілердің басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Ол өмірдің заңы. Біреуге күрделі ота жасату керек болуы мүмкін. Немесе атпалдай азаматтың өзі жұмыстан шығып, құдай бетін ары қылсын, еңбекке жарамсыз болып қалуы да ғажап емес. Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Елімізде жүрек, бүйрек, бауыр алмастыруды қажет ететін қаншама пациент бар? Мысалы бір ғана бүйрек алмастыруды қажет ететін пациенттер саны 2,5 мыңнан асады. Ал, бұл операциялардың орташа құны шамамен 1 миллион теңгеден асып жығылады. Өкінішке орай, ондай ақша екінің бірінен табыла бермейді. Міне, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жинақталған қаражат осындайда керек.

Ал, еліміздегі емдеу мекемелері жаңа жүйеге көшуге дайын деп айтуға бола ма?

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бір күнде енгізіліп отырған реформа емес. Оған көп уақыттан бері дайындық жүргізіліп келеді. Мысалы, 1996-98 жылғыға қарағанда қазір дайындығымыз едәуір жақсы. Соның бірі –көптеген жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті. Яғни, халыққа көрсетілетін қызмет ақысын төлеу жүйесі тиісінше қалыптасып, жолға қойылды деген сөз. Осыдан он жыл бұрын бірыңғай ұлттық медицина жүйесі енгізілді. Әр ауруды емдеу протоколдары бар, әр сырқатты емдеуге кететін шығын есептеліп қойылған, тарифтер қалыптасқан. Сапа жағынан да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жоқ емес. Денсаулық сақтау саласының мамандары білімін жетілдіріп отыруға мүмкіндік алғалы біраз болды. Тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жаңа емдеу мекемелері бой көтерді. Аудандық ауруханалар кем дегенде минималды стандарттармен жабдықталған. Қазір осы ақпараттық жүйелерді әрі қарай жетілдіру, ауқымын кеңейту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Жылдың аяғына дейін осы жұмысты аяқтау туралы тапсырма бар. Меніңше, жүйе реформаға дайын деп айтуға болады. Әрине қиындықтар кез-келген жүйеде болады. Менің ойымша, қорға тиісінше ақша түспесе, азаматтар жарна төлеуден жалтарып жатса қаржы тапшылығына ұрынуымыз мүмкін. Сондықтан біз бәріміз осыған бір кісідей жұмылуымыз керек.

Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды бюджет қаражатын үнемдеуге арналған жоба деп жүргендер де бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

  • Бұл жаңсақ пікір. Мемлекет денсалық сақтау саласын қаржыландыруды алдағы уақытта да тоқтатпайды. Атап айтар болсақ, 10 миллионнан астам азаматты мемлекет сақтандырады. Қарап отырсақ, бұл халыққа жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Жеңілдік беріліп отырған 14 санатқа жүкті әйелдер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, зейнеткерлер, мүгедектер, бала күтімімен үйде отырған тұлғалар, студенттер, балалар т.б. кіреді. Олар үшін бюджеттен ай сайын бес мың теңгеден астам жарна аударылады. Қазіргі таңда мемлекет денсаулық сақтау саласына жыл сайын 1 триллион теңге бөлетіні белгілі. Осылайша алдағы уақытта да сол қаражаттың 90 пайызға жуығы бәрібір денсаулық саласына бөлініп отырмақ. Ендеше, үкімет жауапкершіліктен қашып отыр деуге мүлдем болмайды. Керісінше азаматтардың денсаулығы, сапалы қызмет алуы үшін аянбай көмектер легін тоқтатқан емес. Екіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халықты сапалы, қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Осыны түсінуіміз керек. Қазір бәрі мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бюджет қаржысына салынған ғимараттардың 60 пайызы тозған. Құрал-жабдықтардың да жартысына жуығы ауыстыруды қажет етеді. Қазіргідей әлемдік медицина қарыштап дамыған заманда ғимараттарды жөндемесе, тозығы жеткен қондырғыларды жаңартпаса сапалы қызмет көрсету мүмкін емес. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгені халық үшін жақсы болмаса, жаман болмауы тиіс.

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.