Мұндай рейтингтің нәтижесін Nur.kz интернет-порталы жария етіп отыр. Халықтық дауыс беру жүйесі бір тәулікке созылып, нәтижесінде 13 мыңнан астам қазақстандық Шымкент қаласының әкіміне өз дауысын берген. Айта кетейік, екінші орынға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек орналасса, үздік үштікті Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев түйіндеп отыр.
40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ
Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....










