Бүгін Созақ ауданында мәслихат депуттарының кезектен тыс сессия отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Созақ ауданы әкімінің лауазымына ОҚО құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатовты ұсынды. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары облыс басшысының ұсынысын қолдады. Осылайша, Созақ аудандық мәслихатының келісімімен облыс әкімі Салыхан Полатовты Созақ ауданының әкімі етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










