Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының премьерасы өтті. Қойылым 4 акт пен 5 көріністен тұрады. Операда Абайдың өмір сүрген заманы мен ондағы қоғамдық көрініс, әлеуметтің тұрмысы, бай мен кедейдің арасындағы таптық бөлініс шебер сомдалады. Сонымен қатар, шығармада жақсылық пен зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Ұлы жазушы М.Әуезовтің либреттосына жазған «Абай» операсының қойылымын еліміздің өнер саңлақтары сахналады. Қойылымның музыкалық және көркемдік жетекшісі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры, белгілі дирижер А.Бөрібаев. Кешегі күні сахналанған операның премьерасына А.Жұбановтың ұрпақтары мен өнер сүйер оңтүстікқазақстандықтар қатысып, рухани шығарманы тамашалады.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...