Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды. Заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған бірыңғай орталықтың Call-орталығындағы мамандар оңтүстікқазақстандық тұрғындардан келіп түскен ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын, жылу және кәріз жүйелері бойынша өтініштерге шұғыл түрде жауап беретін болады. Арыз-шағымдар бойынша 8(7252)-39-55-55 байланыс нөмірі қызмет етеді. Бірыңғай байланыс орталығы 09:00-19:00 аралығында жұмыс істесе, жылу маусымы кезінде тәулік бойы өтініштер қабылданады.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...