Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200 миллион теңгеден астам несие алуға болады. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бастамасымен «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары жүзеге асуда.
Дегенмен несие алуға асықпаған жөн. Себебі қаржы рәсімдеу үшін кәсіпкерлерге бірқатар талап қойылады. Мәселен, қажетті қаражаттың кемінде 15-20 пайызын құрайтын жеке жинағы болуы керек. Сонымен қатар несие тарихы қалыптасқан, төлем қабілеті жоғары болғаны маңызды. Кей жағдайда кәсіпке қажетті құрылғыларды кепілге қоюға да мүмкіндік бар. Ал азамат несие міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, «Даму» қорының кепілдігі қарастырылады. Бірақ бұл қарызды өтеу міндетінен толық босатады деген сөз емес.
Кәсіпте тәуекелге барып, өз ісін теміржол саласымен байланыстырған азаматтардың бірі – Есенғали Құрбаш. Оның бұл бағыттағы тәжірибесі жеті жылға жуық. Бұған дейін де кәсібін кеңейту үшін несие рәсімдеген кәсіпкер қазір мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерін пайдаланып, субсидия мен қосымша қаржы алу жолдарын қарастырып жатыр.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржыландыру тетіктері алдағы уақытта да жалғасын табады. Негізгі мақсат – жаңа бизнес жобаларды іске қосып қана қоймай, жұмыс істеп тұрған кәсіптердің де әлеуетін арттыру. Осы арқылы өңірдегі іскерлік белсенділікті күшейту көзделіп отыр.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare